Тайпа
Тайпа — қандас туыстардан тұратын әлеуметтік және этникалық бірлестік. Ол рулар мен аталарға бөлінеді. Көшпелі халықтарда тайпалық бірлестіктері ұзақ уақытқа дейін сақталады.
Тайпа — 1) алғашқы қауымдық қоғамдағы бір жерде тұратын, тілі бірдей, бірнеше рулардан құралған, өзара туыстық байланыстары бар адамдар тобы. Тайпада ортақ әдет-ғұрып, мәдениет болды. Тайпаны басқару, маңызды істерді және туыстар арасындағы даулы істерді шешу ақсақалдар кеңесінің билігінде болды. 2) Тайпа ұрпақ, халық.[1]
Тайпа — адамзат қоғамындағы этникалық қауымдасатық пен әлеуметтік ұйымдардың түрі. Тайпа белгілерінің ерекшелігі - оның мүшелерінің арасында қандас туыстық байланыстардың болуы,руларға бөлінуі. Тайпаның басқа белгілері: тайпа аумағының болуы, тайпаластардың экономикалық қауымдастықтарының анықталуы, сөйлеу ерекшеліктері, сондай-ақ дербес өзін-өзі басқару.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Пайдалынылған әдебиет
өңдеу1. Қазақстан тарихы 10 сынып. Алматы: “Мектеп” баспасы 2010 ISBN 978-601-293-191-4