Талшын (лат. Castanea) – әдемі жапырақтарымен ерекшеленетін жалпақжапырақты ағаш.

Талшын

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Fagales
Тұқымдасы: Fagaceae
Тегі: Castanea

Ағаш туралы

өңдеу

Биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Бізде оны “Ат талшын” деп те атайды. Жер жүзінде табиғи 30 - дан астам түрі бар, көгалдандыруда 500 - ден астам сұрпы қолданылады. Талшын ағашы 500 жылға дейін өмір сүреді және 30 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Жапырағының пішіні күрделі қауырсын тәрізді. Ерте көктемде шырақ секілді ақ, қызыл түсті гүл жарады. Гүлдері әдемі, бірақ иісі болмайды, көлемі 10-20 см. Талшынның гүлінде 65-75 % қант бар. Гүлдеп біткен соң, жеміс салады. Қоңыр түсті, жылтыр, диаметрі шамамен 3 см, жалпақтау келген домалақ жемісінің сыртында тікенекті жасыл қабығы болады.

Қолданылуы

өңдеу

Қазақстанда тек көгалдандыру мақсатында өсірілсе, шетелдерде талшынның тамаққа да қолданылатын сұрыптары өсіріледі. Оңтүстік Еуропада жемісін ас мәзірінде пайдаланады және кепкен жемісінен ұн тартып, нан пісіреді. Парсылар талшынның дәнінен күлше пісіреді. Жемісі бұлшық еттерді нығайтып, қан айналымын реттейді. Дененің және мидың шаршағанын басады, қан аздыққа көмектеседі. Қазіргі кезде кең тараған тамыр, холестерин және жоғары қан қысым ауруларына қолданады. Талшынның балы да пайдалы. Жиһаз жасауда кең қолданылады. Желімдеуге ыңғайлы болғандықтан, діңінен музыкалық аспаптар жасайды. Талшыннан жасалынған жәшіктерде заттар жақсы сақталады. Сондықтан қымбат мата, темекі секілді заттарға жәшіктер мен қораптарды осы талшыннан жасайды. Ал, тұқымын кептіріп, квас араласқан ұнға салу арқылы желім жасайды. Жаңбыр жауардың алдында жапырағының ұшында тамшылар пайда болады. Халық мұны «талшынның көз жасы» деп атап кеткен.

Күтімі

өңдеу

Ылғалсүйгіш өсімдік, жазда күн аралатып мол суғарған дұрыс. Топырақ таңдамайды, әкті жерде де өсе алады. Көлемі өсе келе үлкейіп, кең орын қажет ететіндіктен, көшетін бірден кеңдеу жерге егу керек. Өзінің пішіні әдемі болғандықтан, қырқып-пішіндеуді қажет етпейді.

Көбейтілуі

өңдеу

Табиғатта тұқымы арқылы өздігінен, ал көгалдандыруда тұқымымен қоса қалемшелеу арқылы көбейтіледі.

Талшын туралы тақпақ

өңдеу

Жапырағы жалпақ, қалың, ірі ағаш,

Діңі жуан, дауыл соқса құламас.

Оныменен ажарланар бақтар шын,

Баққа әдемі көрік берер Ат талшын.

Сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Ағаштар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 15 б; ISBN 978-601-7237-03-5


  NODES