Тарихи фильм — киноматографияның нақты тарихи кезеңдерді және өткен ғасырдың тұлғаларын сипаттайтын жанры. Бұл фильмдер нақты тарихта болған тарихи қайраткерлер мен олардың өмір жолын суреттейтін биографиялық болып («Спартак», «Аманат»)» және кейіпкерлері тарихта болмаған ойдан шығарылған («Граф Монте-Кристо», Индиан Джонс жайлы фильмдер) болып бөлінеді. Тарихи фильмдер көбінесе тарихи романдарды экранизациялаудың нәтижесі болып табылады.

Сипаттамасы

өңдеу

Тарихи жанрдағы фильмдер үнемі атыс-шабыс жанрымен бірге жүреді. Себебі, мұндай фильмдерде тарихтағы ұлы шайқастар, төңкерістер бейнеленеді. Уақыты мен сипаттамасына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді:

  • Пеплум — жоғары бюджетті ежелгі әлем жайлы баяндайтын фильмдер. Жанр Италияда дүниеге келген, алайда гүлдену кезеңі 1950-1960 жылдары Голливудта («Бен-Гур», «Спартак», «Клеопатра») болды.
  • Вестерн — Америкада пайда болған тарихи кино жанры, бұл фильмдердің оқиғасы Жабайы Батыста XIX ғасырда болады. Кейіннен вестерндер ұлттық ерекшеліктерге сай адаптацияға ұшырап, басқа елдерде де түсіріле бастады.
  • Тямбара — самурайлар жайлы түсірілген жапон фильмдері, бұл жанрдың атақты шебері - Акира Куросава («Семь самураев», «Трон в крови») болды.
  • Уся — қытайлық фантастикалық тарихи фильмдер.

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
  NODES