Таулар – рельефтің оң формасы, айқын беткейлері мен етегі немесе таулы елдегі шыңы бар рельефтің оқшауланған күрт көтерілуі. Шыңның табиғаты бойынша шыңдар, күмбездер, тақталар және басқа таулар ерекшеленеді. Су астындағы таулардың шыңдары аралдар болуы мүмкін. Таулар географиялық тақтайлардың қозғалысынан, жанартау атқылауынан және т.б. себептер бойынша пайда болады.

Тау

Таулар алып жатқан көлеміне, құрылымына,жасына қарай: Жота, Тау Жүйесі, тау массиві, таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемі болып бөлінеді. Аралықтарындағы аласа көтерілімдер, оларды бөліп тұратын ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т.б.) бір-бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник аймақтарда қалыптасады. Пайда болуына қарай тектоник таулар – қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды, бірнеше км-ге көтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық Таулар – неотектоникалық көтерілімдерге ұшыраған, өзен аңғарларымен және уақытша ағын сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес көтеріңкі бөлігі; жанартаулық Таулар – жас таулы аймақ немесе көне платформалық құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары көтерілген лавалық жабынды таулар болып бөлінеді. Таулар бедерінің негізгі элементтері – шыңы, басы, жоны, беткейі, етегі, өзен аңғарлары. Жазық жер бедерінен айырмашылығы тілімделуінің айтарлықтай тереңдігі мен уатылуы, барлық табиғат жағдайларының ала-құлалығы мен қарама-қарсылығының күшеюі. Таулы аумақтың негізгі геогр. заңдылығы – ландшафтың биіктік белдеулілігі (биіктік белдемділік) анық көрінеді. Тауларды биіктігіне қарай аласа (1000 м-ге дейін), орташа (1000 – 3000 м), биік таулар (3000 м) деп бөледі. Дүние жүзіндегі ең биік тау – Гималайдағы Джомолунгма (Эверест) (8848 м), Қазақстандағы ең биік тау – Хантәңірі (6995 м).[1]

Оқшау таулар

өңдеу

Оқшау (арал) таулар – кең жазықта жеке-дара немесе топтала орналасқан оқшауланған таулар мен қыраттар. Салыстырмалы биіктіктері 100 м-ден 1000—2000 м-ге дейін болады. Пайда болуы жағынан қуаңшылық климатты, тектоникалық тұрақты аймақтарда қирағаннан кейін сақталған немесе жергілікті тау түзілу нәтижесінде (мысалы, жаңа тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған жақпар таулар, лакколитті таулар) түзілген тау жұрнақтарына жатады.[2]

Таулар жайлы факттар

өңдеу

Килиманджаро мен Кения таулары экваторға жақын орналасқан. Әйтсе де, олардың басын қар басып жатыр.[3]

Галерея

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
  3. Балаларға арналған танымдық энциклопедия “Таулар ”, “Аруна” баспасы, Ө.Ж Сағымбай , 32 бет, ISBN 9965-26-440-6
  NODES
Done 1