Теңгерлер (өз атауы - тенггерлер, уонг тенггер) — Индонезияда Ява аралының шығысындағы Теңгер тауларында тұратын ұлт.[1][2][3] Саны 100 мың адам. (2016 ж.).[4]

Тенггерлер
тенггерлер, уонг тенггер
Бүкіл халықтың саны

100 000

Ең көп таралған аймақтар

 Индонезия

Тілдері

тенггер тілі, индонезия тілі

Діні

буддизм

Тілі

өңдеу

Тілінде ескі яван лексикасы сақталған.[5]

Діні

өңдеу

Теңгерлер діні бойынша – буддизм элементтері мен анимистік наным-сенімдері бар индуистар. Теңгерлер XV—XVI ғасырларда явандықтардың ислам дінін қабылдауына байланысты явандардан бөлініп шыққан индуизмді сақтап қалған топтың ұрпақтары.[6]

Кәсібі

өңдеу

Теңгерлер – қолмен атқарылатын егіншілікпен айналысады. Негізгі дақылдар көкөністер, азық-түлік дақылдары жүгері, таро және мал шаруашылығы. Дәстүрлі қолөнер - металл және ағаш өңдеу, керамика, тоқу, тоқымашылық.[7]

Тұрмыс салты

өңдеу

Теңгерлер ауылдық қауымдастықтарда тұрады. Шаруашылықтары ортақ үлкен отбасылар сақталған. Жыл сайын «Тенггерлер елінің» символдық орталығы – Бромо кратерінде от құдайы Баторо Бромға құрбандық шалады.[8]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

өңдеу

Ауылдары сызықты тау беткейлерінде орналасқан. Тұрғын үйлері қаңқа-бағаналы, төртбұрышты жер үйлер.[9]

Дәстүрлі киімдері

өңдеу

Дәстүрлі киім-кешек пен тұрмыстары Явандықтарға жақын, еуропалық костюмдер таралуда.[10]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  2. Үлкен Кеңестік Энциклопедия. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  3. Тенггерлер сөзінің мағынасы. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  4. Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  5. Тенггерлер. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  6. Тенггерлер. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  7. Тенггерлер. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  8. В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 526. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
  9. Тенггерлер. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  10. Әлем халықтары/Теңгерлер. Тексерілді, 21 қараша 2024.
  NODES