Тимоти Мэттью Ховард (ағылш. Timothy Matthew Howard; 6 наурыз 1979[2], Норт-Брансуик), АҚШ, Тим Ховард ретінде танымал — АҚШ-тық футболшы, қақпашы. КОНКАКАФ Алтын Кубогының екі дүркін чемпионы.

Тим Ховард Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

6 наурыз 1979 (1979-03-06) (45 жас)

Туған жері

Норт-Брансуик, Нью-Джерси, АҚШ

Азаматтығы

АҚШ АҚШ
Мажарстан Мажарстан

Бойы

191[1]

Салмағы

95[1]

Позиция

қақпашы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

АҚШ Колорадо Рэпидз

Номері

1

Жастар клубы
1995—1997 АҚШ Централ-Джерси Космос
Клуб карьерасы[* 1]
1997 АҚШ Норт-Джерси Империалс 16 (−?)
1998—2003 АҚШ МетроСтарз 88 (−?)
1998  АҚШ MLS Про-40 1 (−0)
2003—2007 Англия Манчестер Юнайтед 45 (−41)
2006—2007  Англия Эвертон 25 (−20)
2007—2016 Англия Эвертон 328 (−323/1)
2016— АҚШ Колорадо Рэпидз 79 (−123)
Ұлттық құрамы[* 2]
2002—2017  АҚШ 121 (−?)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Карьерасы

өңдеу

Тим афро-американдық Мэттью Ховард пен мажарлық Эстер Фекетенің отбасында дүниеге келген. Тим үшке толғанда ата-анасы ажырасып кетті де, бұл анасының қолында қалды. Сол себепті де Тим Ховардта АҚШ-тың да, Мажарстанның да азаматтығы бар.

Карьерасында АҚШ және Англия клубтарында ойнады. 2003 жылға дейін АҚШ-тың "Норт-Джерси Империалс", "МетроСтарз" клубтарында өнер көрсетті. 2003-07 жылдары "Манчестер Юнайтед" қақпасын қорғады, 2005 жылы клубқа Эдвин Ван дер Сар келген соң алаңға шығуы сиреп кетті де, жаңа клуб іздеуге мәжбүр болды.

2006 жылы "Манчестер Юнайтед" клубынан "Эвертонға" бір жыл жалға берілді. 2007 жылы "Эвертон" Ховардты түпкілікті сатып алды. Содан соң ұзақ жылдар бойы "Эвертон" сапында ойнады.

2012 жылы 4 қаңтарда "Болтон Уондерерс" қақпасына өз қақпасынан теуіп гол соқты.

Қазір (2016 жылдан бері) "Колорадо Рапидс" клубының қапашысы.

Ұлттық құрамада 2002-2017 жылдар аралығында ойнап, үш рет әлем чемпионатына, үш рет КОНКАКАФ Алтын кубогына қатысты.

Жетістіктері

өңдеу

Командалық

өңдеу

«Манчестер Юнайтед»

  • Англия кубогы: 2004
  • Лига кубогы: 2006
  • Англия суперкубогы: 2003

«Эвертон»

  • Англия кубогының финалисі: 2009

АҚШ құрамасы

  • КОНКАКАФ Алтын кубогы: 2007, 2017
  • КОНКАКАФ Алтын кубогының финалисі: 2011

Жеке

өңдеу
  • MLS-тың үздік жас футболшысы (1): 2001
  • MLS жыл қақпашысы (1): 2001
  • MLS Best XI (2): 2001, 2002
  • АПЛ-дағы жыл командасы (1): 2003/2004
  • АҚШ-тағы жыл футболшысы (2): 2008, 2014
  • 2009 жылғы Конфедерациялар кубогының үздік қақпашысы
  • КОНКАКАФ-тағы жыл қақпашысы (1): 2013

Қатысқан турнирлері

өңдеу
  • Әлем чемпионаттары: 2006, 2010, 2014
  • КОНКАКАФ Алтын кубогы: 2007, 2011, 2017
  • Конфедерациялар кубогы: 2003, 2009
  • Жазғы Олимпиада ойындары

Дереккөздер

өңдеу

Сілтемелер

өңдеу
  NODES