Тисс
Тисс, Тис (лат. Taxus) — тисс тұқымдасына жататын екі, сирек бір үйлі мәңгіжасыл қылқанжапырақты ағаштар мен бұталардың туысы. Қазба қалдығы триастың соңынан белгілі. Тек солтүстік жарты шарда кездеседі. Негізінен Кавказда, Кіші және Шығыс Азияда, Солтүстік Америкада өсетін 10 түрі бар.
Тисс | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
|
Биіктігі 6 – 32 м, диаметрі 1 – 2,5 м. Діңі - қызыл-қоңыр түсті, тығыз пішінді. Қылқанының түсі қою жасыл және жылтыр болып келеді. Ұзақ өмір сүретін тахсус ағашының барлық түрі баяу өседі. Өмір сүру ұзақтығы - 300-500 жыл, кейбір сұрыптары 1500 жылға дейін өмір сүреді. Сонымен қатар, табиғатта 3000 жылдан аса өмір сүріп жатқан тахсустар кездеседі. Сәуір айында гүлдеп, қыркүйек айында жеміс береді. Жемісі - қызыл түсті. Бөрікбасы тармақталып өседі. Қылқан жапырақтары кезектесіп орналасады, қою жасыл түсті, жылтыр болады. Аталық масақшалары (микростробилі) дара, шар тәрізді, аналық бүрі (мегастробилі) де біреу, оның жалғыз ұрығы болады. Пісіп жетілген ұрығы қызыл не қызғылт кейде сары түсті, жидекке ұқсайтын ұсақ бүртіктермен қапталып жатады. Тұқымы арқылы көбейеді (оларды құстар не кемірушілер таратады), ал қолдан өсіргенде қалемше немесе сұлама бұтағы арқылы көбейтіледі. 3 – 4 мың жылдай тіршілік етеді.
Тисстің барлық түрі де улы, олардың құрамында алкалоид таксин бар (бұл у адамға, малдардан жылқы мен сиыр үшін өте қауіпті). Тисс - қатты, әрі мықты ағаш, сондықтан ол ағаш шеберлігінде, металл жонуда бірден-бір құрылыс материалы ретінде қолданылады. Қазіргі кезде оның ағашын көркемдік бұйымдар мен жиһаздар жасауда пайдаланады. Бұл ағашты өндірісте «қызыл ағаш» деп атайды. Тисстерді жиһаз жасау үшін, елді мекенді көгалдандыру үшін пайдаланылады.[1]
Күтімі
өңдеуКөлеңке және алакөлеңкеде жақсы өседі. Көктем, жаз айларында қырқу жұмыстарын жүргізу керек.
- Көбейтілуі
Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтеді.[2]
Түрлері
өңдеу2013 жылғы The Plant List тізімінің мәліметі бойынша Тисс тегі 9 биологиялық түрден құралған[3]:
- Taxus baccata L. (1753)
- Taxus brevifolia Nutt. (1849)
- Taxus canadensis Marshall (1785)
- Taxus cuspidata Siebold & Zucc. (1846)
- Taxus floridana Nutt. ex Chapm. (1860)
- Taxus fuana Nan Li & R.R.Mill
- Taxus globosa Schltdl. (1838)
- Taxus sumatrana ((Miq.) de Laub.
- Taxus wallichiana Zucc. (1843)
Табиғи бұдандар
өңдеу- Taxus ×hunnewelliana Rehder (1925)
- Taxus ×media Rehder (1906)
Сілтемелер
өңдеу- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
- ↑ Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.Қылқанжапырақтылар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 14 бISBN 978-601-7237-07-3
- ↑ Species in Taxus (ағыл.). The Plant List (2013). Version 1.1. Published on the Internet; http://www.theplantlist.org/. Royal Botanic Gardens, Kew and the Missouri Botanical Garden (2013).
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |