Траектория (кейінгі лат. 'trajectorіus' – ығысу немесе орын ауыстыруға қатысты) – материялық нүктенің өз қозғалысы кезінде сызатын біртұтас сызығы.

Үш объекттердiң траекториялары

Егер траектория түзу болса нүктенің қозғалысы түзу сызықты, басқа жағдайда қисық сызықты қозғалыс’’ деп аталады. Еркін материялық нүктенің траекториясы оған әсер ететін күштерге, бастапқы қозғалыс жағдайларына, қандай санақ жүйесіне қатысты қозғалуына және айналасындағы денелермен байланысына тәуелді.

Мысалы, бастапқы жылдамдықсыз белгілі биіктіктен жердің тарту күшінің әсерінен төмен қарай құлайтын материялық нүктенің (дененің) траекториясы түзу сызық болады; ал ол дене горизонтқа бұрыш жасай V0 жылдамдықпен ауасыз кеңістікте лақтырылса, оның траекториясы ұштары төмен қарай бағытталған парабола болады.[1][2][3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
  3. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  NODES