Трахит (грек. trachys – бұдыр) – кайнотиптік эффузиялық ортаның тау жынысы; сиениттің эффузиялық сыңары. Құрамында 60%-дай кремнийлі қышқылдар мен 10%-ға дейін сілтілер болады. Олардан басқа әрқайсысы 1 – 5%-дай Fe3O4, CaO, MgO кездеседі. Түсі қызғылт, ашық сұр; бітімі шәмбал, ағынды, кеуекті, бадамтасты; құрылымы порфирлі. физикалық қасиеті сиенитке ұқсас, жанартау атқылағанда түзілетін сирек кездесетін тау жынысы. Трахиттың туф және шыны тәріздес Трахит (обсидиандар, пемзалар) деген түрлері бар. Минералдық құрамының өзгеруіне қарай Трахиттер біртіндеп липарит, андезит, базальтпен байланысады. Трахиттер порфир түйірлерінің құрамы бойынша: авгит трахиті, гиперстен трахиті, биотит трахиті, т.б. деп аталады. Трахит – Кавказда, Италияда, Францияда, т.б. жерлерде кездеседі. Қазақстанда трахит Сарыарқаның төменгі девонындағы қышқыл эффузияларынан табылған. Трахит қышқылға төзімді материал ретінде құрылыста қолданылады.Трахит — калийлі дала шпаттарын, кейде орташа құрамды плагиоклаздарды және бір немесе бірнеше түсті минерал түйіршіктерін кіріктіретін, әдетте порфирлі не сеппелі болып келетін кайнотипті эффузиялық тау жынысы. Безендіргіш әшекей тас.[1][2]

Трахит

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2


  NODES