Трахома (лат. trachoma, көне грекше: τράχωμα) немесе басыр — бұл бірте-бірте мендете беретін созылмалы инфекция. Ол апталарға немесе тіпті жылдарға созылуы мүмкін Егер емдеуді кеш бастаса, бұл көзден айырылуға әкеп соқтыруы мүмкін Ол бірдеменің тиюінен, шыбыннан тарайды, көбінесе жоқ-жұқа және тар жерде тұратын адамдар ауырады.

Trachoma

Entropion and trichiasis secondary to trachoma
АХЖ-10

A7171.

АХЖ-9

076

DiseasesDB

29100

MedlinePlus

001486

eMedicine

oph/118 

MeSH

D014141

Белгілері

өңдеу
  • Трахома бұл да конъюктивит сияқты қызарып, қатты жасаурап басталады.
  • Бір айдан кейін немесе одан да кейінірек жоғары қабақтың үстіне майда қызғыш-бозамық түсті қатқыл бершімек пайда болады, бұл фолликул деп аталады.
  • Көздің ағы қызғыш тартады.
  • Бірнеше айдан кейін көзді мұқият қараған кезде немесе үлкейткіш шынымен қарағанда мүйізгек қабықтың жоғары жиегінде бозғылт реңді өте ұсақ көптеген жаңа қан тамырлары (паннус) пайда болады.
  • Фолликулдің де, паннустың да пайда болуы — таза трахоманың белгісі
  • Бірнеше жылдан кейін фолликулдер жазылады, бірақ орнында ақ тыртықтар қалады.

Тыртықтар қабықтарды қасаңдандырады, бұл көздің қозғалысын қиындатады (көзді ашып-жұму қиындайды). Немесе тыртық кірпікті ішке қарай тартады, бұл мүйізгекті қабықты жырып, нәтижесінде адам зағип болып қалуы мүмкін

Емдеу жолдары

өңдеу

Көздің ішіне 1 проценттік тетрациклиндік көз майын күніне 3 рет жағыңыз немесе күніне бір рет 3 проценттік тетрациклиндік көз майын жағыңыз. Мұны 30 күн бойы жасаңыз. Аурудан толық айығып кету үшін 2—3 апта бойы тетрациклин немесе сульфонамид ішіңіз.

Алдын-алу

өңдеу

Трахоманы өршітпей толық емдесе, ол басқа адамдарға тарап жұқпайды. Трахомамен ауыратын адаммен бірге тұратындардың бәрі, әсіресе балалар, көзін үдайы тексертіп түруға тиіс және трахоманың алғашқы белгілері байқалысымен жедел емдеуді қолға алыңыз. Күн сайын бетті жуу да трахомадан сақтануға септігін тигізеді. Сонымен қатар 12- тарауда айтылған жеке гигиена ережелерін сақтаудың үлкен маңызы бар. Трахомадан сақтану шарттарының бірі — тазалық!

Дереккөздер

өңдеу
  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

  NODES