Түз құладын (лат. Circus cyaneus) – орташа денелі (300-600 г, қанатының алымы – 125 см шамасында) құладын. Аталығының негізгі реңкі – көкшіл сұрғылт, “құладындай ақ шашты” сөздер орамы содан шыққан, қанатының ұшы – қара және белі – ақ. Тұмсығы және тырнақтары – қара, көзі, балсірісі және табаны – сары. Аналығының денесі ірілеу, қанаты мен құйрығында көлденең жолақтар бар, реңі – сұр қоңыр реңкті. Жас құладындардың реңі аналыққа ұқсас. Олар тек қана үш-төрт жылдан соң ересектерше жасанады. Бүкіл солтүстік жарты шарда орныққан, Қазақстанда орманды дала зонада ұялайды, ұшып өткен кезде барлық жерлерден кездеседі. Ұясын жер шұңқырына орналастырады. Салындыдағы 2-5 ақ түсті жұмыртқаны аналығы бір ай басады, аталық оны бұл кезде қокертендіреді. Бұдан соң ата-енелері балапандарды ұяда 40 күнге дейін қоректендіреді. Негізінде наурызда – көктемде ұшып келіп, күзде – қыркүйек – қазанда ұшып кетеді. Анда-санда қыс мезгілінде де кездеседі.[2]

Түз құладыны
Adult female
Adult female
Adult male
Adult male
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Chordata
Табы: Aves
Сабы: Accipitriformes
Тұқымдасы: Қаршыға тұқымдасы
Тегі: Circus
Түрі: Түз құладыны
Екі-есімді атауы
Circus cyaneus
К.Линней, 1766
Range of C. cyaneus Үлгі:LeftlegendҮлгі:LeftlegendҮлгі:Leftlegend
Синонимдері

Circus hudsonius

Circus cyaneus

Дереккөздер

өңдеу
  1. Circus cyaneus. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2013). Тексерілді, 26 қараша 2013.
  2. Қазақстан құстар әлемі
  NODES
Intern 1