Уакар

өңдеу

Уакар - кішігірім маймыл.Оның бойы 45-48 см,ал құйрығының ұзындығы соның үштен бір бөлігі.Ол Оңтүстік Америкадағы құйрығы шолақ жалғыз маймыл.Ол Амазон ормандарында өсетін биік ағаштардың басында тіршілік етеді.Жерге мүлде түспейді.Олардың жүні жұмсақ,ұзын,жібектей болады.Олар бұтадан бұтаға секіріп жүргенде,желмен тербетіліп тұрады.Уакарлар шағын топтарға бірігеді.Жемістерді,бүртіктерді,ұрықтарды,жапырақтарды азық етеді. Анасы балаларын арқасына салып жүріп асырайды.Егер оған біреу тиіссе,әкесі ренжіп,бүкіл қол-аяқтарымен отырған бұтағын сілкілей бастайды.Бұл кезде оның беті де қып-қызыл болып кетеді.Бұл жалтыр және сары уакарға тән.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Жануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727


  NODES