Уненлагия. Буэнос–Айрес ұлттық тарихи мұражайының маманы Фернандо Новас Солтүстік Аргентинадағы Патагония аумағыннан ежелгі өзендердің арнасынан уненлагияның жиырмаға жуық сүйек қалдығын қазып алған. Ондағы динозаврдың биіктігі– 1,2 метр, ұзындығы 2 метр болған. Уненлагия біздің заманымыздан 90 миллион жыл бұрын мекен еткен. Жануардың жер астынан табылған сүйектері құсқа ұқсап ұша алмайтын етқоректі динозавр болғанын көрсетті.

Уненлагия
Уненлагия

Қызықты дерек

өңдеу
  • Оның денесінің үлкендіші түйеқұсқа, ал дене тұрпаты велоцирапторға ұқсас.
  • «Уненлагия» атауы «жартылай құс» деген мағынаны білдіреді.

Мәліметтер

өңдеу
  • Қорегі : жануарлар
  • Салмағы : белгісіз
  • Тұқымдас : Дромеозаврид
  • Отряд тармағы : Теропод [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы
  NODES