Утістілер немесе Улы кесірткелер - Бауырымен жорғалаушылар класының Қабыршақтылар отрядының тұқымдасы.

Утістілер
Қазбалық ауқымы: Early Миоцен to Recent
Gila monster, Heloderma suspectum
Gila monster, Heloderma suspectum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Бауырымен жорғалаушылар
Сабы: Қабыршақтылар
Тұқымдасы: Утістілер
Тегі: оо
Түрлері

Heloderma horridum
Heloderma suspectum


Тұқымдаста жалғыз тегі бар. Текте Мексика мен АҚШ-тың Аризона штатының құрғақ және шөлді далаларын мекендейтін улы кесірткелердің екі түрі бар.

Жіктелуі

өңдеу

Утістілер тұқымдасында қазіргі уақытта 1 тек Heloderma бар. Текте 2 түрі, бірнеше түршелері бар.

  • (Heloderma suspectum) немесе Утіс
    • Heloderma suspectum suspectum
    • Heloderma suspectum cinctum
  • (Heloderma horridum)
    • Heloderma horridum horridum немесе эскорпион
    • Heloderma horridum alvarezi
    • Heloderma horridum exasperatum
    • Heloderma horridum charlesbogerti
 
Утіс
 
Эскорпион

Heloderma suspectum - ірі денелі, ұзындығы 33–56 см см. Сарғылт қызыл немесе қызғылт қоңыр түсті болып келеді. Басында дақтар бар.

Heloderma horridum немесе эскорпион алғашқысынан да ірірек, денесі тұрқы 89 см-ге дейін жетеді. Басында дақ болмайды.

Олар күндіз тастардың арасындағы індерде тығылып жатады. Тек кеш түсісімен ғана індерінен шығып, кішкентай жәндіктермен, құстардың жұмыртқасымен қоректенеді. Күн қатты ысыған кезде індеріне кіріп жатады. Жыл бойғы жиған қоректері құйрықтарына май болып жиналады да, соның тоқтығымен ұзақ уақыт жата береді. Бұл улы кесірткелердің уы өте күшті болады. Жануарларды шақса, өліп кетеді. Ал адамды шаққанда дер кезінде медициналық көмек алмаса, ісініп, соның салдарынан өліп кетуі де әбден мүмкін.

Таралуы

өңдеу

Америка Құрама Штатының оңтүстік-батысы мен Мексиканың солтүстігінде тіршілік етеді.

Дереккөздер

өңдеу
  NODES