Уэйн Марк Руни (ағылш. Wayne Mark Rooney; 24 қазан 1985 жыл, Ливерпуль, Англия) — англиялық футболшы, шабуылшы. Карьерасында ұзақ жылдар бойы "Манчестер Юнайтед" және Англия Ұлттық құрамасы сапында ойнаған, бірнеше әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысқан.

Уэйн Руни Футбол
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Уазза (Wazza)[1][2][3]
Шрек[4][5][6]

Туған күні

24 қазан 1985 (1985-10-24) (39 жас)

Туған жері

Крокстэт, Ливерпуль.

Азаматтығы

Англия Англия

Бойы

178 см

Позиция

Шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Дерби Каунти

Қызметі

бас бапкер

Клуб карьерасы[* 1]
2002—2004 Англия Эвертон 67 (15)
2004—2017 Англия Манчестер Юнайтед 393 (183)
2017—2018 Англия Эвертон 31 (10)
2018—2020 АҚШ Ди Си Юнайтед 50 (23)
2020 Англия Дерби Каунти 30 (6)
Ұлттық құрамы[* 2]
2003—2018 Англия Англия 120 (53)
Бапкерлік карьерасы
2021— Англия Дерби Каунти
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Өмірбаяны

өңдеу

Клубтық карьерасы

өңдеу

Он жасында "Эвертонның" балалар клубына қабылданды. 2002 жылы 17 жасында Англия Премьер лигасындағы тұңғыш ойынын өткізді, 20 сәуір күні "Саутгемптонға" қарсы ойында тізімге ілінді, бірақ алаңға шықпады. Келесі маусымда 17 тамыз күні "Тоттенхэмге" қарсы ойында алаңға шықты, ал тұңғыш голын 2 қазан күні Англия футбол лигасында "Рексем" қақпасына соқты.

19 қазан күні, 17 жасқа толуына бес күн қалғанда "Арсенал" қақпасына алыстан теуіп гол соқты да, премьер лигадағы голдарының есебін ашты. Осы ойнда "Арсеналдың" 30 ойынға созылған жеңіліссіз сериясы тоқтады.

2004 жылғы Еуропа чемпионатында Руни керемет өнер көрсетті де, оны өз сапына қосып алғысы келетін клубтар саны күрт өсті. Әсіресе "Ньюкасл" мен "Манчестер Юнайтед" қатты кірісті. Клуб оның бағасын 50 млн фунтқа бағалап еді, оған Рунидің өзі көнбеді. Нәтижесінде клуб жетекшілері мен 18 жасар футболшының арасындағы келісспеушіліктер көбейе түсті де, соңында (31 тамызда) футболшы "Манчестер Юнайтедке" кетіп тынды. Трансфер жазғы ауысымның бітуіне бірнеше сағат қалғанда ғана іске асты.

"Манчестер Юнайтед" сапындағы тұңғыш ойынын 28 қыркүйекте Чемпиондар лигасында "Фенербахчеге" қарсы ойында алаңға шықты. Бұл ойында Руни хет-трик жасады. Осылайша ол Чемпиондар лигасында хет-трик жасаған ең жас футболшы боп тіркелді.

2005/06 жылғы маусымда Руни Англия чемпионатында 36 гол соқты (бұл өзінің жеке көрсеткіштері арасындағы рекорды). 2007 жылы жазда 10-нөмірлі жейде Руниге берілді.

2017 жылы 21 қаңтарда "Манчестер Юнайтед" сапындағы 250-ші голын соқты да, Бобби Чарльтонды артқа тастады. Сол жылы 24 мамырда соңғы рет клуб сапында алаңға шықты. УЕФА Еуропа Лигасының финалындағы "Аякске" қарсы ойында матч соңында алаңға шықты, бұл ойында "Манчестер Юнайтед" 2:0 есебімен жеңіске жетті.

2017 жылы шілдеде "Эвертонға" қайта оралды. 12 тамызда алғашқы ойынын "Сток Ситиге" қарсы өткізіп, гол да соқты.

2018 жылы маусымда АҚШ-тың "Ди Си Юнайтед" клубына ауысты.

2020 жылы 1 қаңтар күні "Дерби Каунтиге" ауысатын боп келісім шарт жасасты.

Ұлттық құрама

өңдеу

2003 жылы 12 ақпан күні Англия құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді.

2004 жылғы Еуропа чемпионатында топтық кезеңде Швейцарияның қақпасына екі гол соқты.

2006 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында жарақат алғанымен, турнирге дейін түзеліп үлгерді. Құрама ширек финалда Португалиядан пенальтилер арқылы сүрінді, осы ойында Руни алаңнан қуылды. Руни чемпионатта гол соға алмады.

2010 жылғы әлем чемпионатында да Руни гол соға алмады, ал құрама 1/8 финалда Германиядан ойсырай ұтылды.

2012 жылғы Еуропа чемпионатында дисквалификацияның кесірінен топтық кезеңнің екі ойынына қатыса алмады, үшінші турдағы Украинамен ойында алаңға шығып, ойын тағдырын шешкен жалғыз голды соқты.

2014 жылғы әлем чемпионаты Англия құрамасы үшін тіпті сәтсіз болды, клуб топтан да шыға алмады. Руни Уругвайдың қақпасына бір гол соқты (бұл Рунидің әлем чемпионаттарының финалдық турниріндегі жалғыз голы), бірақ бұл ойында Англия 1:2 есбеміен ұтылып қалды.

2014 жылы 28 тамызда Руни құрама капитаны боп тағайындалды.

2016 жылғы Еуропа чемпионатына Руни капитан ретінде барды. 1/8 финалда Исландияның қақпасына бір гол соқты, бірақ Англия 1:2 есебімен ұтылып қалды.

2017 жылы 23 тамызда Руни құрама сапындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

2018 жылы 15 қарашада соңғы ойынын АҚШ-қа қарсы жолдастық кездесуде өткізді.

Жетістіктері

өңдеу

Командалық

өңдеу
  • Англия чемпионы (5): 2007, 2008, 2009, 2011, 2013
  • Англия кубогы: 2016
  • Лига кубогы (3): 2006, 2010, 2017
  • Чемпиондар лигасы: 2008
  • Еуропа лигасы: 2017
  • Англия суперкубогы (4): 2007, 2010, 2011, 2016
  • Клубтар әлем чемпионаты: 2008

Жеке

өңдеу
  • Англия құрамасының үздік мергені: 53 гол
  • «Манчестер Юнайтед» тарихындағы үздік мерген: 253 гол
  • Клубтар әлем чемпионатының үздік мергені: 2008
  • Жылдың үздік жас спротшысы: 2002
  • Golden Boy: 2004
  • Еуро-2004 символикалық құрамы: 2004
  • Англия Премьер-лигасының үздік ойыншысы: 2009/10
  • «Манчестер Юнайтедтің» еурокубоктердегі үздік мергені: 39 голов

Дереккөздер

өңдеу
  1. Daniel Taylor Forget Gazza, here's Wazza  (ағыл.). The Guardian (24 June 2004). Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қараша 2012.
  2. Wayne Rooney diary  (ағыл.). BBC Sport (23 June 2004). Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қараша 2012.
  3. Papers: Watch Wayne reign  (ағыл.). ManUtd.com (19 July 2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қараша 2012.
  4. Rooney lad’s just like dad  (ағыл.). The Sun (14 January 2010).
  5. What a pair: Coleen suffers from a wardrobe malfunction as Wayne carries his lookalike Shrek tag around  (ағыл.). Daily Mail (24 November 2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қараша 2012.
  6. Шрек сменил обиду на прическу  (орыс.). Российская газета (5 июня 2012).

Сiлтемелер

өңдеу
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Wayne Rooney
  NODES
os 1
twitter 1