Фарфор
Фарфор - күйіктас (керамика) түрі.
Тарихы
өңдеуҚыш өнеркәсібі Қытайдағы ең ежелгі қолөнерінің бірі екені белгілі. Жүздеген жылдар бойы осы қыш өнерінің қыр-сырын меңгерген Қытай ұсталары ғажайып фарфор бұйымдарын ойлап тапты. Ғалымдар бұл жаңалықты XVІІ ғасырда (Таң дәуірінде 618-907 жылдары) ашылды деп есептегенмен, Шығыстық Хань дәуірі кезінде-ақ (25-220 жылдары) фарфор бұйымдарын жасай бастаған. Дегенмен, Таң дәуірінде фарфор жасау технологиясы оның шыңына жетті деп есептеуге болады.
Сун дәуірінде фарфор бұйымының “алтын дәуірі басталады”. Әлемге фарфор қаласы деген атағы жайылған Цзянси өлкесінде орналасқан Цзиндэчжень қаласынан шыққан фарфордың атағы жер жарды. Қазіргі заманға дейін Цзиндэчжень қаласында жасалатын фарфордың “цинхуа” дейтін түрі осы елдің өзінде де үлкен сұранысқа ие.
Қытай ұсталары көбінесе жылтыратудың үстінен бәдіздеудің әдісін пайдаланады. Мөлдір емес эмаль бояулы бұйымды отқа қойғаннан кейін керемет қанық түске ие болатын көрінеді. Бұл әдіс ХV ғасырда ойлап табылған. Фарфорлық бұйымдарды бәдіздеу өзінің көп қырлылығымен, символикалық мәтіндерімен сипатталмақ.
Соңғы 600 жыл барысында Цзиндэчженнен шыққан фарфор бұйымдары Азия, Африка, Еуропа және Америка елдерінің қоғамдық өміріне дендеп енген. “Мин кезінде ең үздік фарфор Цзиндэчженде жасалған” деп ерте кезде айтылған екен. Содан бері де көп еш нәрсе өзгермеген. Өйткені, бүгінде 600 мың ғана тұрғыны бар атақты қалада оның әрбір ересек тұрғыны фарфор өнеркәсібінде еңбек етеді.
Көптеген елдердің императорлары мен корольдерінің сарайларында Цзиндэчженде нәзік талғаммен жасалған фарфор бұйымдарынан коллекция жинау даңқ пен мәртебе болып саналып келген десек, мыңдаған жылдар бұрын осы қаланың фарфорлары Орталық және Батыс Азияны басып өтетін Жібек жолы бойымен және теңіз үстіндегі Фарфор жолымен әлемнің түкпір-түкпіріне тарағаны тағы аян.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |