Федерация (ағылш. Federation, фр. Federation, лат. Federatіo — одақ, бірлестік) — мемлекеттік құрылым түрі. Заң жүзінде саяси дербестігі сақталатын бірнеше субъектінің біртұтас одақтық мемлекет құру формасы. Тұңғыш федерация Америка Құрама Штаттары 1787 жылғы конституция бойынша құрылды. Федерация құрамындағы субъектілер федерациясы жоғарғы одақтық органдарын, қарулы күштерін құрайды. Федерация заңдары бүкіл одақ аумағында орындалуы міндеттеледі. Федерацияның жекелеген мүшелерінің (штаттар, кантондар, провинциялар, республикалар, т.б.) өзіндік мемлекеттік құрылымы, заң шығару жоғ. органдары, үкіметі, құқық және сот жүйесі болады. Заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет.[1]

     Федерациялы мемлекеттер      Унитарлы мемлекеттер

Федерация үшін мемлекеттің егемендігі жоқ, бірақ ішкі саясатта біршама кең өкілеттіктерге ие федерацияның субъектілері — мемлекеттік-территориялық құрылымдар болуы қажет. Әлемдегі ең ірі елдердің көпшілігі федерациялар, соның ішінде Ресей, Америка Құрама Штаттары, Канада, Бразилия, Германия, Үндістан, Аустралия, Мексика, Аргентина, Пәкістан.

Федерацияның субъектісі — бірқатар мемлекеттік белгілерге ие, бірақ мемлекеттік егемендігі жоқ саяси субъект.

Федерацияның негізгі белгілері

өңдеу

Федерацияның негізгі белгілері:

  1. мемлекет территориясында ұлттық немесе территориялық автономияның болуы;
  2. мемлекеттегі саяси билік және басқа да өкімет органдары екі деңгейде қалыптасады;
  3. мемлекеттің конституциясы екі деңгейлі болады.

Мысалы, Ресей, Қытай, Үндістан және т.б. Ресейде жиырмаға жуық республикалар бар (Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Тува т.с.с.). Саяси билік екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік президент, парламент және әрбір республиканың өз алдына президенттері мен парламенттері бар. Конституциясы екі жүйелі: бүкілресейлік және әрбір республиканың өз конституциясы бар.

Федерация тек ғана ұлттық ерекшеліктер негізінде қалыптаспайды. Дүние жүзіндегі федарацияның көп бөлігі жер (территория) арқылы орныққан. Мысалы, АҚШ, ГФР, Аустрия және т.б. АҚШ-да штаттар, Германияда «жерлер». Ал федерациялық құрылым негізі — ұлт немесе жер аймағы ғана емес; федерацияның негізгі белгісі – егемендік дәрежесі. Егер автономияның, федерация субъектісінің белгілі мөлшерде (Конституция арқылы белгіленген) егемендігі болмаса, онда мемлекттің федерация аталуы да жалған болып шығады.

Қазіргі федералды мемлекеттер

өңдеу
 
Жасыл түспен көрсетілген әлем картасындағы қазіргі федералды мемлекеттер

Еуропа

  1. Ресей Федерациясы
  2. Аустрия Республикасы
  3. Германия Федеративтік Республикасы
  4. Босния және Герцеговина*
  5. Бельгия Корольдігі
  6. Швейцария Конфедерациясы

Азия

  1. Пәкістан Ислам Республикасы
  2. Малайзия
  3. Біріккен Араб Әмірліктері
  4. Үндістан Республикасы
  5. Ирак Республикасы
  6. Федеративтік Демократиялық Непал Республикасы

Африка

  1. Судан Республикасы
  2. Комор аралдары одағы
  3. Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы
  4. Нигерия Федеративті Республикасы
  5. Оңтүстік Судан Республикасы
  6. Сомали Федеративтік Республикасы

Америка

  1. Аргентина Республикасы
  2. Боливариан Венесуэла Республикасы
  3. Канада
  4. Мексикалық Біріккен Штаттары
  5. Америка Құрама Штаттары
  6. Бразилия Федеративтік Республикасы
  7. Сент-Китс және Невис Федерациясы

Аустралия және Океания

  1. Аустралия Одағы
  2. Микронезия Федерациялық Штаттары

  • Босния және Герцеговинаның конституциясы мен заңдары, сондай-ақ Дейтон келісімі бұл мемлекетті федерация ретінде анықтамайды. Федералдық мемлекеттік құрылым туралы тұжырым (кейбір зерттеушілердің пікірінше бұған конфедерация да жатады, бірақ сецессия құқығы жоқ, яғни шыға алмайды) бірқатар сыртқы белгілер негізінде жасалады. Ресми түрде, Босния және Герцеговина — құрамдас бөліктерінің (субъектілерінің) кең өкілеттіктері бар орталықтандырылмаған унитарлық мемлекет.

Ойдан шығарылған федерациялар

өңдеу

Фантастикалық федерациялар фантастикалық әлемде жиі кездеседі. Ойдан шығарылған федерациялардың көрнекті мысалдары:

  1. Ғаламшарлардың Біріккен Федерациясы (Жұлдызды жол).
  2. Ескі республика (ағыл.) және Жаңа республика (Жұлдызды соғыстар)
  3. Жер Альянсы және Минбари Федерациясы (Вавилон 5 (орыс.)).
  4. Драго федерациясы.
  5. Арепешт Федеративтік Республикасы

Дереккөздер

өңдеу
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Federación
  NODES
Done 1