Фенхель (арамсарбас) — жемісі аспаздықта қолданылатын өсімдік. Жемісі жағымды хош иісімен, тәттілеу дәмімен адамның тәбетін ашады және ас қорытуды жақсартады. Фенхель жапырақтарын дәм беру үшін көжелерге, соустарға және салаттарға қосады. Ұнталған жемісін қуырылған етке себеді. Жемісінен өсімдік майын алады, оларды кондитер өнімдерін және ликер дайындауда пайдаланады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1


  NODES