Филармония — музыкалық өнердің дамуы мен насихатталуына ықпал ететін концерттер ұйымдастырумен айналысатын музыкалық қоғамдық орын немесе мекеме.

Филармония жас музыканттардың насихатталуы мен көркемдік жағынан өсуіне ықпал етеді, басқа елдердегі концерттік ұйымдармен тәжірибелерімен алмасады. Филармонияда тұрақты штаттық орындаушылар-жеке орындаушылар, үлкен музыкалық топтар және камералық ансамбльдер бар.

Филармония 19 ғасырда Еуропа мен Американың қалаларында (Баку, Берлин, Лондон, Мәскеу, Нью-Йорк, Санкт-Петербург және басқалары) пайда болды және олар негізінен симфониялық музыканы насихаттады. 20 ғасырда Еуропаның социалистік елдерінде филармониялар мемлекеттік ұйымдарға айналды - 1976 жылға қарай КСРО-да 136 филармония қоғамдары болды.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Музыкальная энциклопедия. / Гл. ред. Ю.В. Келдыш. — «Советская энциклопедия», 1981. — 1056 с.
  NODES