Филедендрон
Филедендрон (РHILODENDRON ФИЛЕДЕНДРОН) – ароидтар туысына жататын, 350 табиғи түрі бар, тропикалық өсімдік. Әдемі жапырақты, шырмалып өсетіндіктен оны түбектерге егіп, сабағына тіреу қойып өсіреді. Үй жағдайында филедендронның жасыл, сары және сары ала жапырақты үш түрі жиі кездеседі. Өсімі тез, жүрек тәрізді жапырақтары әдемі болғандықтан оны өсірушілер қатары көп. Күтімі жақсы болса сабағының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді.
Филедендрон | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Жарығы:
өңдеуФиледендронның ала жапырақтылары жарықты қажет етеді, жарық жетіспесе ала түстері жоғалады. Жасыл жапырақтылары көлеңкеге шыдамды.
Жылуы:
өңдеуБөлме температурасы қыста 15-200С төмен болмауы керек.
Суғарылуы:
өңдеуТопырағының ылғалды болғаны дұрыс. Көп суғарғаннан төменгі жапырақтары сарғайып кетеді.
Ылғалдылығы:
өңдеуКүніне бір рет жапырақтарына су бүркіп тұрады. Ылғалдылық жетіспесе, жапырақтарының көлемі кішірейіп кетеді.
Қоректендірілуі:
өңдеуАйына бір рет әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен қоректендірген дұрыс. Көктем кезінде топырағының беткі қабатын алып тастап, жаңа құнарлы топырақты шіріген көңмен араластырып салады.
Көбейтілуі:
өңдеуСабағын қиып, қалемшелеу арқылы көбейтеді. Көбейтілуі өте оңай. Ол сабақтарындағы ауа тамырлары арқылы топырақта тез тамырланып кетеді.
Сілтемелер
өңдеу- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
өңдеу"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727