Халал (араб.: حلال‎, /ḥalāl/ — рұқсат етілген) — Исләмде рұксат етілген заттар мен әрекеттер.

  1. ) рұқсат етілген әрекет, пайдалануға тыйым салынбаған тағам, зат. Рұқсат етілген әрекеттердің белгілі бір шегін мандуб, мубах сияқты категориялармен бірге анықтайтын Халал мәселесін фикһ ілімінде таратып баяндайды. Мәселен, сойылған мал етінің Халал болуының шарты бойынша қасапшының дәреті болуы, бауыздағанда “Бісмиллаһи Аллаһуакбар” дұғасының айтылуы, бездерінің сылынуы, т.б. керек.
  2. ) Некелесуге тыйым салынбаған ер немесе әйел адам.
  3. ) Қажылық парызын атқарып қайтқан, шашын қырғызып, күнделікті киімін киіп, әдеттегі тіршілігін атқаруға даяр адамның күйі.

Қарама-қарсы ұғымды сөз: харам[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

.


  NODES