Хламидиялар (грек. chlamyda – мантия) — адам, жануар және құстарда әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар. Хламидиялар жасуша ішінде өніп-өсіп, паразиттік тіршілік етеді. Зақымданған жасушаларда олар мантия (сырттан киетін ұзын шапан) сияқты қабықша түзетіндіктен, аты осыған байланысты аталған. Хламидияның бірнеше түрі бар:

  • C. trachomatіs, C. psіttacі — адамдарда;
  • C. pecorum, C. abortus, C. felіs — жануарларда ауру қоздырады.
Хламидиялар
C. trachomatis inclusion bodies (brown) in a McCoy cell culture.
C. trachomatis inclusion bodies (brown) in a McCoy cell culture.
Ғылыми топтастыруы
Әлемі: Bacteria
Табы: Chlamydiae
Сабы: Chlamydiales
Тұқымдасы: Chlamydiaceae
Тегі: Chlamydia[1]Jones et al. 1945 emend. Everett et al. 1999
Species

Chlamydia muridarum Everett et al. 1999
Chlamydia suis Everett et al. 1999
Chlamydia trachomatis (Busacca 1935) Rake 1957 emend. Everett et al. 1999

Ұсақ, пішіні шар тәрізді. Хламидия адамдарда көз ауруларын (басыр, конъюнктивит, т.б.), несеп-жыныс жолдарының (уретрит, простатит, эндометрит, сальпингит, т.б.), шап бездерінің вирусты ауру (шап лимфогранулематозы) және өкпенің қабынуы (бронхит, пневмония, орнитоз, т.б.) ауруларды қоздыруға себепкер болады. Қоздыратын ауру түріне байланысты жұғу жолдары да әртүрлі болып келеді. Көбінесе тұрмыстық қатынас арқылы (тікелей жанасу немесе тұрмыстық заттар арқылы), жыныстық жолмен және тыныс алу жолдары арқылы жұғады. Хламидия қоздыратын ауруларды жалпы атпен хламидиоздар деп атайды. Хламидиозбен ауырып тұрған адамда иммунитет ұзаққа созылмайды, сондықтан қайталап ауруы мүмкін. Ауруға диагнозды:

  1. зақымданған жерден жағынды алып, бактерия морфологиясын;
  2. серол. реакцияның көмегімен науқастың қан сарысуындағы арнайы антиденелердің деңгейін анықтайды;
  3. ұрықтанған тауық жұмыртқасына немесе жасуша дақылдарына жұқтыру арқылы науқастан алынған заттан Хламидияның таза дақылын бөліп алып зерттейді.

Емі: антибиотиктер, иммунды-стимулдеуші препараттар, т.б. беріледі. Жеке бастың гигиенасын, құс өсіретін кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасын сақтау. Хламидияға қарсы егу әдісі қолданылмайды. [2]

Сілтемелер

өңдеу
  1. J.P. Euzéby Chlamydia. List of Prokaryotic names with Standing in Nomenclature. Тексерілді, 11 қыркүйек 2008.
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том


  NODES