Хлоропрен, хлорэритрен, 2-хлорбутадиен-1,3, СН2=СНССІ=СН2 — сутек атомы хлормен орын алмасқан органикалық қосылыс; қанықпаған көмірсутектерге жатады. Хлоропрен — түссіз сұйықтық, балқу t –130С, қайнау t 59,4С, суда нашар еріп, органикалық еріткіштермен оңай араласады. Өнеркәсіпте хлоропрен винилацетиленге хлорлы сутек қосу арқылы алынады. Оңай полимерленетіндіктен хлоропренді каучук өндірісінде қолданады.[1]

Хлоропрен

Сілтемелер

өңдеу
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
  NODES