Холин, үшметил-оксиэтиламмонийдің гидрат тотығы [(CH3)3N+CH2CH2OH] OH — В витаминдері тобына жататын биологиялық активті зат. Молекулалық массасы 121,18; балқу температурасы 180°С. Суда жақсы ериді, ал эфир мен бензолда ерімейді; күшті негіз. Организмдегі кейбір фосфолипидтер мен ацетилхолин құрамында болады. Холиннің биосинтезі жануарлар организмінің қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды, сондықтан ол этаноламин мен метиониннен де түзіледі, кейде азықпен де толықтыруды қажет етеді. Мал азығында Холиннің болмауы немесе оның жетіспеушілігі бауырды май басуға, бүйрек өзгерісіне,лактацияның ауытқуына, кейде жүйке қызметінің бәсеңдеуіне әкеледі. Холин — майлы заттардың сіңірілуін реттейтін дәрумен. Ол биологиялық активті зат болғандықтан қан қысымын да реттей алады. Барий суымен қосып қайнатқанда немесе шіріту бактерияларымен әсер еткенде холин молекуласынан су бөлініп шығып, нейрин деген улы зат түзіледі. Холиннің адам организміне қажетті тәуліктік мөлшері. 0,5 — 4 г.[1][2][3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
  2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том


  NODES