Хуа Го-Фэн (дәс.қыт. 華國鋒; жең.қыт. 华国锋; кирил пінині. Хуа̀ Гуо́фēң; шын аты Су Чжу (дәс.қыт. 蘇鑄; жең.қыт. 苏铸; кирил пінині. Сӯ Жу̀) (16 ақпан 1921[1][2], Цзяочен, Шаньси провинциясы, Бэйяң әкімшілігі20 тамыз 2008, Бейжің, ҚХР) - Қытайдың саяси және мемлекеттік қайраткері. Қытайда бір мезгілде үш жоғары лауазымы бар жалғыз адам: ҚКП төрағасы лауазымынан басқа, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі (1976-1980 жж.) және ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы болды (1976-1981).

Хуа Гуофэң
華國鋒
华国锋
Хуа̀ Гуо́фēң
Хуа Го-Фэн
Лауазымы
Ту
Ту
Қытайдың ҚКП 2-ші Бас хатшысы
Ту
Ту
7 қазан 1976 жыл — 28 маусым 1981 жыл
Ізашары Мау Зыдоң
Ізбасары Ху Яобан
Ту
Ту
Қытай Халық Республикасының 2-ші Премьер-министрі
Ту
Ту
4 ақпан 1976 жыл — 10 қазан 1980 жыл
Ізашары Чжоу Эньлай
Ізбасары Чжао Цзыян
Ту
Ту
ҚХР Әскери кеңесінің 2-ші төрағасы
Ту
Ту
7 қазан 1976 жыл — 28 маусым 1981 жыл
Ізашары Мау Зыдоң
Ізбасары Дэн Сяопин
Ту
Ту
ҚХР 2-ші Қауіпсіздік министрі
Ту
Ту
Қазан 1973 жыл — Маусым 1977
Президент Чжоу Эньлай

Өзі

Ізашары Ли Чжэнь
Ізбасары Чжао Цанби
Өмірбаяны
Діні атеист
Дүниеге келуі 20 тамыз 1921 (1921-08-20)
Цзяочен, Шаньси провинциясы, Бэйяң әкімшілігі
Қайтыс болуы 20.08.2008 (87 жас)
Бейжің, Қытай
Жұбайы Хань Чжицзюнь
Балалары үш баласы - ұлы Су Хуа, қыздары Су Лин мен Су Ли

Өмірбаяны

өңдеу

Шын аты Су Чжу 16 ақпан күні 1921 жылы Шаньси провинциясында туған. Бастауыш білімін уездік бастауыш мектепте, кейін сол округтегі коммерциялық кәсіптік лицейде оқыды.

Жапон милитаристтерге қарсы шығып, 1938 жылы коммунисттерге қосылып кетеді. Сол заманның басқа да қытай саяси қайраткерлері сияқты, өзіне лақап ат қояды. Оның Хуа Гуофэн деген жаңа есімі «Чжунхуа Канжы Цзюго Сианфэндуи» (қыт. 中华抗日救国先锋队) тіркесінің аббревиатурасы болып табылады, бұл «жапондарға қарсы күрестің қытайлық авангарды және Отанды сақтау» дегенді білдіреді.

Әскерден кейін, пропаганда бөлімінде жұмысқа тұрғызылады.

Саяси қайраткер

өңдеу

1955 жылдан Хунань провинциясында партиялық және мемлекеттік жұмыста болды; 1959-1966 жылдары Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) Хунань провинциялық комитетінің хатшысы. 1964 жылдан Бүкіл қытайлық халық өкілдері жиналысының депутаты. 1967 жылы Хунань ревкомын құру тобына кірді; 1968-1970 жылдары Хунань ревокмы басқарушысының орынбасары, 1970 жылғы желтоқсаннан ҚКП Хунань провинцилиялық комитетінің 1-хатшысы, Хунань ревкомы басқарушысының міндетін атқарушы және Хунань әскери аймақының саяси комиссары.1969 жылы сәуірде ҚКП ОК-нің мүшесі. 1975 жылғы қаңтарда ҚХР мемлекет Советі премьерінің орынбасары және қоғамдық қауіпсіздік министрі болды. Ол Мау Зыдоңның жолын қуушылардың және марксистік-лениндік ілімге ревизия жасаушылардың бірі.

Дереккөздер

өңдеу
  1. https://web.archive.org/web/20160721160134/https://www.theguardian.com/world/2008/aug/21/china
  2. https://www.munzinger.de/search/go/document.jsp?id=00000014501
  NODES
web 2