Хуэй (хуэйцзу, қыт. 回族, пиньинь: huízú, сөзбе-сөз: «хуэй этносы»; қазақша: дүнгендер) — Қытай Халық Республикасының 56 ресми мойындалған ұлттық азшылығы. Хуэйлер негізінен Нинся-Хуэй автономиялық ауданында тұрады. Хэнань, Шыңжаң, Цинхай, Юньнань, Хэбэй, Шаньдун, Аньхой және басқа провинциялар мен автономиялық аудандарда хуэй халқының тығыз қоныстанған аудандары бар. Жалпы халық саны 10 586 087 адам (2010).[1]

Хуэй
лаохуэйхуэй, хуэйцзу, хуэйминь
Бүкіл халықтың саны

10 586 087

Ең көп таралған аймақтар

 Қытай

Тілдері

қытай тілі

Діні

суннизм

Тілі

өңдеу

Олар қытай тілінің әртүрлі диалектілерінде сөйлейді, қытай иероглифтік жазуын қолданады.[2]

 
Хуэй мешіттері әдетте дәстүрлі қытай сәулет өнері стилінде салынған.

Діні

өңдеу

Діні бойынша Xуэйлар – сүнниттік мұсылмандар.[3] Хуэйлер Қытайдағы барлық мұсылмандардың 45 пайызын құрайды. Олар көптеген ғасырлар бойы Исламды (ханафи ағымында) ұстанады және ислам мәдени мұрасының тасымалдаушылары болып табылады.

Тарихы

өңдеу

Олардың ата-бабалары 13-ғасырда моңғол халқының үш жорығынан кейін шығыс Қытайға қоныс аударған хуэйхуй халқы, ал мұсылмандар Тан (618 - 907 жж.) және Сун династиясы (960 - 1276) кезінде оңтүстік-шығыс Қытайдың жағалау аймақтарында қоныс аударған. Өз тарихында көптеген басқа ұлттармен үздіксіз араласуы (мысалы, аралас неке) арқылы Хуэй халқы ханзу, моңғол және ұйғыр халықтарының әдет-ғұрыптары мен өмір салтын бірте-бірте қабылдап, өздерінің хуэйхуэй ұлтын құрады.[4]

Кәсібі

өңдеу

Негізгі кәсіптері — суармалы егіншілік. Күріш, арпа, бидай, жүгері, бау-бақша егеді. Сондай-ақ мал шаруашылығымен, көлік тасымалымен, қолөнер өндірісімен, саудамен айналысады. Олар шаруашылықты басқара білуімен танымал, дәстүрлі қызмет түрлерінің қатарында інжу-маржан мен асыл тастарды өңдеу, мал сою, өңдеу өнеркәсібі бар.

Өмір салты

өңдеу

Отбасы шағын, бұрын үлкен болған, патриархалдық. Әйелдер айтарлықтай жоғары орынға ие. Көшедегі ертегішілер музыкалық аспаптардың (скрипка, бубен, зурна, т.б.) сүйемелдеуімен эпикалық поэмаларды орындап, танымал болды.[5]

Кірпіш пен каркастан қалап, сабан қосылған балшықпен сыланған үйлерде тұрады. Бөлмені жылытатын жатаған кең пеш (кан) салады, аласа үстелде тамақтанады.

Ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдерінің үлгісі ұқсас келеді. Желбегей киетін кеудеше, кең балақ шалбар, матамен қапталған аяқ киім киеді. Әйелдер киімі кестемен әшекейленеді.

Ұлттық тағамдары: ет араластырып майға қуырған ұн, көкөністер. Сүйікті тағамдары — дүнген кеспесі мен палау. Алдымен шай ішіп, соңынан сұйық тамақ ішеді. Тағамдарын таяқшамен жейді және бұрыш, сарымсақ, сірке қышқылын көп пайдаланады. [6]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Хуэй (回族) https://shansbooks.ru/spravochnik-kitaista/khuey-/
  2. Народность хуэй https://www.abirus.ru/content/564/623/624/639/642/1174.html
  3. Большая советская энциклопедия ХУЭЙ https://bse.slovaronline.com/50695-HUEY
  4. Народность Хуэй https://www.chinahighlights.ru/culture/hui-minority.htm
  5. народы мира / Хуэй http://www.etnolog.ru/people.php?id=HUEY
  6. Қазақ энциклопедиясы, 5-том

Тағы қараңыз

өңдеу
  NODES