Цилиндр (көне грекше: κύλινδροςбілік, цилиндр)[1]

  1. цилиндр немесе цилиндрлік бет — берілген бағытқа параллель және бағыттауыш сызық арқылы өтетін кеңістіктің жасаушы түзулерінің жиыны;
  2. тұйық цилиндрлік бетпен және өзара параллель екі жазықтықпен (Цилиндр табандары) шектелген дене . Егер Цилиндрдің табандары оның жасаушыларына перпендикуляр болса, онда ол тік Цилиндр деп аталады. Табандары дөңгелек болып келген тік Цилиндрді тік дөңгелек Цилиндр не дөңгелек Цилиндр деп атайды . Мұндай Цилиндрдің көлемі V=πr2h-қа, ал бүйір беті S=2πrh-қа тең, мұндағы r — Цилиндр табанының радиусы, h — Цилиндр биіктігі. Цилиндрдің табанына параллель емес жазықтықпен қиылған бөлігін қиылған Цилиндр деп атайды . Қиылған дөңгелек Цилиндрдің көлемі ,
Цилиндр

h1, h2 — Цилиндрдің ең үлкен және ең кіші жасаушыларының кесіндісі.

  1. сыртқы не ішкі цилиндрлік беттері бар тетік.[2]
  2. цилиндр мен өзегі бар поршеннен тұратын құрылыс.
  • Цилиндр еместік (орыс. Нецилиндричность) — цилиндірліктен ауытқу, қалыпты ұзындықтың бойында алынған нақты беттің нүктелерінен жанама цилиндрге дейінгі ең үлкен қашықтық.
  • Цилиндрлік (орыс. Цилиндричность) — нақты беттің жанама цилиндрге жақындығы.

Көлікте қолданылатын цилиндрлердің түрлері

өңдеу
  • Тежеуіштің негізгі (басты) цилиндрі - поршеннің механикалық қозғалысын тежеуші тетіктеріне жіберілетін сұйықтың қысым күйіне түрлендіретін цилиндр.
  • Қозғауыш цилиндрі - қозғауыштың поршенінің жұмыс процесі өтетін цилиндр.
  • Екі жолды цилиндр - екі өздігінен жүретін тежеуіш контурына әсер ететін, екі бөлек поршендерден тұратын басты тежеуіш цилиндр.
  • Жұмыстық тежеуіш цилиндр - цилиндр түріндегі тежеуіш жетегінің белгілі, басты тежеуіш цилиндрден сұйық тобына берілген поршень цилиндрі.

Цилиндроид

өңдеу
 

Цилиндроид (гр. kylindros - цилиндр және eides — тәрізді) — бағыттаушылар деп аталатын екі қисық сызықпен қиылысатын және параллелизм жазықтығы деп аталатын жазықтыққа параллель орналасатын түзулердің жиыны анықтайтын бет.[3][4]

Цилиндрлер блогі

өңдеу

Цилиндрлер блогі- бірнеше цилиндрлардың бір тұтас байланысуы.[2]

Қиық цилиндр

өңдеу
 

Қиық цилиндр – цилиндірдің табанына параллель емес жазықтың қиған бөлігі. Дөңгелек қиық цилиндрдің көлемі.

 

Бүйір бетінің ауданы , (bb-бүйір беті) толық бетінің ауданы

 , (mb-толық беті)

Мұндағы   - табанындағы шеңбердің радиусы,   және   - сәйкес түрде цилиндрдің ең ұзын және ең қысқа жасаушыларының кесіндісі.[5]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  2. a b Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
  4. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  5. "Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X
  NODES
os 2