Шұбарқұр кейде Кәдімгі шұбарқұр кейде Сұрқұр (лат. Tetrastes bonasia) – шұбар реңді, басында кішкене айдары бар, тауықтәріздестер отрядының Қырғауылдар тұқымдасына жататын шағын денелі (300-500 г) құс. Аталығының қара алқымы ақ жолқпен көмкерілген; аналығының алқымы – шұбар. Еуразияның аралас ормандарында өмір сүреді.

Шұбарқұр

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Chordata
Табы: Құстар
Сабы: Тауықтәрізділер
Тұқымдасы: Қырғауылдар тұқымдасы
Кіші тұқымдасы: Tetraoninae
Тегі: Tetrastes
Түрі: Шұбарқұр
Екі-есімді атауы
Tetrastes bonasia
(Linnaeus, 1758)
Шұбарқұр ареалы
Шұбарқұр ареалы
Синонимдері

Bonasa bonasia (Linnaeus, 1758)

Қазақстанда Алтай және Қалба Алтайынан кездеседі. Шұбарқұрлар жылдың үлкен бөлігінде ағаш бүршіктері және сырғаларымен қоректенеді, ал жазда жидектерді, тұқым және әр алуан бунақденелілерді талғау қылады. Құрлар сияқты қыста қара шұңқырдарында түңейді, өте суық күндері күндіз де сол шұңқырларда болуы мүмкін. Жылдың көпшілік бөлігін орманда, жерде өткізеді, қауіп төнген шақта ағаш басына ұшып барып қонақтауға ұмтылады. Әдетте көзге аз шалынатын ағаш бөрікбасының ортасына таман, ағаш діңіне қонақтайды. Аңшылық кәсіптің зерзаты болып саналады[2].

Шұбарқұрдың дауысы

өңдеу

Шұбарқұрдың дауысы - еміс-еміс естілетін әуезді ысқырық. Аталықтары осы дыбысты пайдаланып, күйттеу маусымында бірін-бірі іздестіріп, төбелеседі. Аңшылар бұл кезде аталықтың даусына салып, оларды оңай еліктіреді.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Bonasa bonasia. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 3 наурыз 2014.
  2. Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра
  NODES
INTERN 1