Эвфония ( гр. Еирһопіа жақсы + phone дыбыс ) - аллитерация, ассонанс және тағы басқа дыбыстық қайталаулардың түрлері, тілдік формаларда қолданылатын түрлі фонетикалық амалдардың жинақталып үндесуі.[1]

Әдеби шығармада, өлең-жырларда дыбыстары үйлес, бірін-бірі қайталайтын сөздерді шебер қолдануда эстетикалық сезімге жақсы әсер етіп, сөз әуезділігін арттыра түседі. Сөздің дыбыстың гармониясын күшейтетін тәсілдер: өлең ұйқасы, аллитерация, ассонанс, дыбыстың қайталаудың барлық түрі.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9
  2. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы "Ана тілі" баспасы,1998 ж


  NODES