Эдуард Манэ (фр. Édouard Manet; 23 қаңтар 1832, Париж30 сәуір 1883, Париж) — француздық көркем суретші, нақышшы, импрессионизмнің негізін салушылардың бірі.

Эдуард Манэ
фр. Édouard Manet
Эдуард Манэ, шамамен 1870
Эдуард Манэ, шамамен 1870
Туған күні

23 қаңтар 1832 (1832-01-23)

Туған жері

Париж, Франция патшалығы

Қайтыс болған күні

30 сәуір 1883 (1883-04-30) (51 жас)

Қайтыс болған жері

Париж, Үшінші Француз республикасы

Азаматтығы

Үшінші Француз республикасы

Жанры

импрессионизмнің негізін салушылардың бірі, француздық әмбебап-суретші

Өнер ағымы

импрессионизм

1863 жылы Париж қаласының ресми салон қазылары қабылдамай кайтарған картиналар көрмесінде француз суретшісі Эдуард Манэнің көп дау тудырған "Шөп устіндегі тацгы тамақ" суреті көрермендер зейінін өзіне аударды. Қазір ол сурет импрессионизм музейінде сақталған. Э.Манэ өмір бақи өз өнерінің әлемге әйгілі болуын талап ете отырып, ақыры жеңіп шыкты.

Манэ өз шығармаларында замандастары туралы көп жазды.Ата-аналар суреті "Гитареро", "Валенскиден келген Лола" сияқты шығармаларында замандастарының мінез-құлқын, қарым-қатынастарын бейнелейді. "көгалдағы таңғы тамақ" суретінде Манэ өткен ғасыр өнерін қазіргі өмірмен, әсіресе Джорджоненің әйгілі Ауыл концертін байланыстырғаны буржуазиялық қауым мен салон қазылар алқасының тарапынан түсінбеушілік туғызды. 1863 жылы Манэ тағы бір өйгілі"Олимпия" суретін салды (Париждегі импрессионизм мұражайы). Суретші бұл жерде де дәстұр лі сюжетті өзінше өзгертіп, өзі өмір сұрген кездегі париж қызының бейнесін жасады.

Жылдар өте суретшінің шеберлігі колориттік тұрғыдан шыңдала түседі. Ол арасында әр тұрлі ашық бояулар жарқ етіп көрініп қалатын үйлесімді реңктерді, палитраның ашық түстерін ұнататын, сонымен цнтар формалардың пластикалығын сақтауды да ұмытқан жоқ. Осының дәделі — "Флейтист" суреті (1866). Манэ шығармашылығының толысқан кезеңіндегі замандас кейшкерлерін бейнелеуге "Балкон”,”Шеберханадағы таңғы тамақ", "Операдагы балмаскарад”,"Қана" суреттері арналған.

Манэнің өз заманына қызығушылығы, колорит саласындағы жаңалықтары импрессионист суретшілерді қызықтырып, олар Манэні “Жаңа кескіндеме әкесі" деп қарастырды.

Манэнің Эдгар Поның поэмасына салынған "Қарға" және "Жанна" деген екі суреті 1884 жылы орындаған "Көктем" атты жайдарылық рухина толы суретінің тақырыбын қайталайды.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8


  NODES