Элсмир (ағылш. Ellesmere Island, фр. Île d'Ellesmere) — Канаданың арктикалық топаралының солтүстик-шығыс бөлігіндегі арал. Ауданы 203 мың км². Кристалдық жыныстардан түзілген. Ең биік жері 2926 м. Аумағының бөлігіне жуығын мұздық басқан. Солтүстік жағалауын бойлай ені 20 км-дей болатын қайраңдық мұздықтар (мұзтаулар бөлініп шығады) алып жатыр.

Элсмир
ағылш. Ellesmere Island, фр. Île d'Ellesmere
Сипаттамасы
Ауданы196 236 км²
Ең биік нүктесі2616 м
Тұрғындар (2006 жыл)146 адам
Халық тығыздығы0,001 адам/км²
Орналасуы
80°10′00″ с. е. 75°05′00″ б. б. / 80.1667° с. е. 75.0833° б. б. / 80.1667; -75.0833 (G) (O) (Я)Координаттар: 80°10′00″ с. е. 75°05′00″ б. б. / 80.1667° с. е. 75.0833° б. б. / 80.1667; -75.0833 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияСолтүстік Мұзды мұхит
Ел Канада
АймақНунавут
Элсмир (арал) (Канада)
Элсмир
Элсмир Ортаққорда
Элсмир арал: Солтүстік жағалауын бойлай ені 20 км-дей болатын қайраңдық мұздықтар. 1988 жылғы шілде
Эвриканың әуеден көрінісі, Элсмир арал. 26 маусым 1988 ж

Көптеген фьордтар тараған. Арктикалық шөл мен тундраның өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Елді мекендері – Алерт, Юрика.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
  NODES