Эмбриология
Эмбриология (ұрық және грек. logos – ілім) – жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін биологиялық ғы-лым; қ. Ұрықтың дамуы, Жануарлар, Өсімдіктер эмбриологиясы.[1]
Эмбриология (embryologia, грек, embryon — ұрық, logos — ілім) — ұрықтың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтан тыс мүшелердің дамуын зерттейтін морфология ғылымының саласы. Ол биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы. Эмбриологияның соңғы қол жеткен ғылыми жетістіктері биологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, қолдан ұрықтандыру, ұрықтануды аналық организмнен тыс пробиркада жүргізіп, ұрықтарды мұздату әдістері, клондау, мал шаруашылығындағы суперовуляция және ұрықтарды басқа организмдерге көшіру және т.б. өдістер. Эмбриология — медициналық және ветеринарлық пәндердің (акушерлік, педиатрия, гинекология) іргетасын қалайды.[2]
Эмбриология (грек тілінен embryon — ұрық, logos — ілім) — ұрықтың дамуының заңдылықтары туралы ғылым.
Медициналық эмбриология адам ұрығының даму заңдылықтарын зерттейді. Адамның дамуының қатерлі кезеңдеріне, ана–плацента–нәресте жүйесінің қызметтік және метаболизмдік ерекшеліктеріне, тіндердің дамуының заңдылықты үрдістері мен эмбрионалдық даму көздеріне ерекше назар аударылады. Қазіргі кезде адам эмбриологиясы бойынша білім бедеуліктің себептерін анықтауға және оны жоюға, фетальды мүшелерді трансплантациялауға, аналық жыныс жасушаларын жасанды өсіруге (культивациялау), экстракорпоральды ұрықтандыру мен ұрықты жатырға имплантациялауға пайдаланылады.
Эмбриогенез прогенезбен және ерте постэмбрионалдық кезеңмен тығыз байланысты. Тіндердің дамуы эмбрионалдық кезеңде (эмбрионалдық гистогенез) басталып, бала туғаннан кейін де жалғасады (постэмбрионалдық гистогенез).
Дереккөздер
өңдеу- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |