Энтони Иден (ағылш. Anthony Eden; 12 маусым 1897, Дарем14 қаңтар 1977, Солсбери) — 19551957 жылдары аралығында Ұлыбританияның премьер-министрі, консервативті партияның мүшесі.Ол алғашқылардың бірі болып бүкіл әлемге нацистік еуропалық еврейлерді жою жоспары туралы айтты. Ол бірнеше жүз мың еврейлерді Холокосттан құтқарды[1]

Энтони Иден
ағылш. Anthony Eden
Энтони Иден
Лауазымы
64-ші Ұлыбритания премьер-министрі
6 сәуір 1955 — 10 қаңтар 1957
Монарх Елизавета II
Ізашары Уинстон Черчилль
Ізбасары Гарольд Макмиллан
Өмірбаяны
Партиясы Консервативті партия
Білімі Оксфорд университеті
Діні Англикандық
Дүниеге келуі 12 маусым 1897 (1897-06-12)
Дарем
Қайтыс болуы 14 қаңтар 1977 (1977-01-14) (79 жас)
Солсбери

Өмірбаяны

өңдеу

1897 жылдың 12 маусымында ақсүйектер отбасында дүниеге келді.[2][3] Бірінші дүниежүзілік соғыста өз еркімен әскерге алынып, Франциядағы шайқастарға қатысты[4].

Соғыс аяқталғаннан кейін, Оксфордта шығыс тілдер факультетінде араб және парсы тілдерін оқыды.

Саяси жұмыстары

өңдеу

1923 жылы қауымдар палатасына сайланды. 1931 жылы мемлекеттік хатшының орынбасары және 1935 жылы маусымда Ұлттар Лигасы жөніндегі министрі болды. Сол жылдың желтоқсанында Иден Сыртқы істер министрі орнына тағайындалды, бірақ 1938 жылы ақпанда Чемберленнің Германиямен бейбітшілік келісімге қол қойғанына наразылық білдіріп, отставкаға кетті.

1940 жылы Черчилль премьер-министр болып сайланған кезде Иден тағы да сыртқы істер министрі болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Черчилльмен бірге оппозицияға өтеді.[5] 1951 жылы 27 қазанда Черчилль мен консервативтік партия билікке оралғаннан кейін Иден қайтадан Сыртқы істер министрі, және сонымен қатар премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. 1954 жылы ол Англия-Иран мұнай дауын шешуге, Триестке байланысты Италия мен Югославия арасындағы қақтығысты шешуге, Индокытайдағы соғысты тоқтатуға және Оңтүстік-Шығыс Азия келісім ұйымын (СЕАТО) құруға көмектесті.

1953 жылы Иден қатты ауырып қалды. Бірнеше операция істегенімен, денсаулығын толықтай қалпына келтіре алмады. 1955 жылы 6 сәуірде Черчилль отставкаға кетіп, Иден премьер-министр болып тағайындалды. 1956 жылдың қазанында Суэц кризисі басталды, оның нәтижесінде Ұлыбритания Суэц каналынан ғана емес, саяси беделінен айырылды. Бұл халықтың жаппай наразылығына әкелді. 1957 жылы 9 қаңтарда Иден денсаулығына байланысты отставкаға кетті.

1954 жылы Иден рыцарь, ал 1961 жылы Авон графы болып атанды.

Фильм инкарнациялары

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. In December 1942, British Foreign Secretary Anthony Eden stood before the House of Commons and declared the Nazis were «now carrying into effect Hitler’s oft-repeated intention to exterminate the Jewish people of Europe». Мұрағатталған 23 шілденің 2008 жылы. Genocide in the XX century: the Nazi holocoust 1938—1945. The History Place.com
  2. Aster, 1976, p. 2
  3. Rhodes James, 1986, pp. 9–14
  4. https://www.britannica.com/biography/Anthony-Eden
  5. «Черчилль советовал королю Георгу VI в случае его, Черчилля, смерти назначить на пост премьер-министра Идена как самого способного из членов правительства» [1] Мұрағатталған 6 қазанның 2014 жылы..
  NODES
Done 1
Story 1