Қанқыз

Қанқызы

Қанқыз немесе Қызыл Қоңыз (лат. Coccіnelіdae) – жәндіктер класы, қаттықанаттылар отрядына жататын жыртқыштар тұқымдасының аралас қоректі қоңыздарының бір түрі. Қанқыз жер шарында кең тараған; қорек тандамайтын отряд тармағының коңыздар тұқымдасы.[1]

Қанқыз
Coccinella magnifica
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар
Табы: Жәндіктер
Сабы: Қатты қанаттылар‎
Кіші сабы: Polyphaga
Ұлы тұқымдасы: Cucujoidea
Тұқымдасы: Coccinellidae
Latreille, 1807 
Кіші тұқымдастары

Бұлардың 2 мыңдай түрі белгілі, ал Қазақстанда 120-ға жуық түрі бар. Олар тек есейген кезеңінде ғана емес, дернәсіл кезеңінде де жыртқыштық тіршілік етеді.

Олардың денелері жартылай шар тәріздес болып келеді. Бізге бәрінен жақсы танысы жетіноқатты ханқызы-топшыларында қара ноқаттары бар ашық-қызыл қоңыз, бірақ сары және қара ханқыздары да

Жұмыртқалары

тіршілік етеді. Олар да жолақ кейпіндегі, үтір немесе таңба кейпіндегі өрнектер бар, бір түрдің ішінде бояуы күшті шоғырланған. Қоңыздың кереғар реңі оның жеуге жарамсыздығынан хабардар етеді. Егер кесіртке немесе қандай да бір құс бәрібір ханқызын жеуге оқталса, онда оның аяғының мүшелерінен улы сұйықтың тамшылары бөлінеді. Оның жағымсыз иісі аңқып тұрады. Көптеген әлем халықтарында ханқызы үлкен құрмет пен абыройға ие, өйткені адамдар олардың ежелден шіркейлердің,аққанаттардың, құрттардың,сымырлардың және өрмекшілердің бітіспес жаулары екендігін біледі. Дене тұрқы 3 – 7 мм, арқа жағы дөңесті, бауыр жағы тегіс, пішіні дөңгелек, реңі қызыл не сары күңгірт дақты келеді. Қанқыз ағаш қабығының астында, қуысында, жерге түскен жапырақ арасында, т.б. жерлерде қыстайды. Қанқыз тамағы мол болғанда, өсімталдығы да жоғары болады. Жылына 1 – 3 рет ұрпақ береді. Өсімдік үстіне 200 – 400-ден топтап, 1500-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқасы сопақша, сары, дернәсілі күңгірт түсті, қызыл, сары не ақ дақты немесе жолақты болады. Дернәсілдері өте тез өседі, тіпті 2 – 4 аптада қуыршаққа айналады. Қанқызының көптеген түрі пайдалы. Қолайлы жағдайда қанқыз саны тез өсіп, зиянды жәндіктерді жейді. Мысалы, жетідақты қанқыз бір тәулікте 80-ге дейін алма битін жояды. Қанқыз өсімдік бітесі, сымыр, бүрге-шіркей, жапырақ бүргесі, өрмекші, кене, т.б. ұсақ жәндіктерді жейді. Кейбір бақша қанқызы, картоп қанқызы, т.б. екпе өсімдіктерді жеп, зиян келтіреді.[2][3]

Қорғанысы

өңдеу

Бұл кәдімгі : «Ел қайда көшеді , суды қайдан ішеді», - деп ұшырып ойнайтын қанқыз. Әр тірі ағзаның өзінің жауынан деген , қарсыласынан деген қорғанысы болады. Сол секілді бұл насеком да өзін-өзі қорғаудан құр-алақан емес . Қауіп-қатер төнген жағдайда қанқыздың аяғының бүгілген жерінде қызғылт - сары түсті тамшылар , яғни , бір сөзбен айтқанда «сүт» пайда болады. Есесіне оның дәмі өте сүйкімсіз болып келеді. Осы сүт арқылы қанқыз өз жауларынан қорғанады.

Қорегі

өңдеу

Қанқыз есесіне пайдалы насеком болып есептеледі. Оның қорегі – жас өсімдіктің сөлін соратын қарапайым кішкентай жәндік – өсімдік биті. Олар өсімдік сөлдерімен нәрленеді және жаппай көбею кезінде егістікті жайпап та кетеді. Тамақ көп болған сайын, ханқыздарының аналықтары да алтын құрсақтыға айналады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер тамақ үшін күреске де белсене қосылады: қуыршаққа айналу үшін олардың әрқайсысы 1 мыңға жуық шіркейден ауыз тиюі керек. Ханқыздардың көмегімен химиялық құралдарды пайдаланбай-ақ,з иянкес жәндіктерге бітіспес майдан ашуға болады. Олардың бірқатар түрлері әдейі айрылады, содан кейін бүлінген егістіктердің төбесіне түсіреді, не болмаса оранжереялар мен жылыжайларға өрбітіп жібереді.

Қанқыз күніне 200-ге жуық өсімдік бетін жей алады. Ал енді оның личинкасы өзінен екі еседей қомағай болып келеді.

Классификациясы

өңдеу

Ханқыздарының 4000 мыңнан аса түрі белгілі.Кейбір түрлері шіркейлер бар бүкіл өсімдіктерде:ағаштарда,шөптерде болады.Ал екіншілері тек дала шөптерінде болады.Кейбіреулері өзен немесе су көзінің жанында,төртіншілері тек ағаштарда.Кей ханқыздары су өсімдіктерінде де өмір сүреді.Соңғы айтылған ханқыздары ұзын аяқтарымен ерекшеленеді.Себебі олар желден оңай майысып кететін өсімдіктерде жүре алу қажет.Ең қарапайым түрі ол-жетіноқатты ханқызы.Оның ұзындығы 7-8 мм.Кеуде сауытындағы алдыңғы жақтағы қара жердегі ақ нүктелері,қызыл қанатүстеріндегі 7 қара нүктемен бұл ханқыздары Еуропада,Солтүстік Африка және Азияда өте танымал.

Жүйелеу

өңдеу

Ханқыздарының 360 түрі бар. Соның кей түрлері:

  • Adalia
    • Coccinellatypus
    • Coccinula
  • Harmonia
  • Hippodamia
    • Propylea
    • Psyllobora
    • Rhyzobius
    • Scymnus
  • Tytthaspis
    • Coccinella Linnaeus
  • Coccinula Dobzhansky
    • Cryptolaemus Mulsant
    • Epilachna Redtenbacher
  • Exochomus Redtenbacher
  • Henosepilachna Herbst
  • Hippodamia Mulsant
  • Ithone Solsky
    • Leis Mulsant
    • Rhizobius Stephens
    • Rodolia Mulsant

Ханқыздарының тұқымдас тармағы

өңдеу
  • Chilocorinae
    • Coccidulinae
  • Coccinellinae
  • Epilachninae
    • Hyperaspidinae
    • Microweiseinae
    • Scymninae
  • Sticholotidinae

Ханқыздың мәдениеттегі орны

өңдеу

Ағылшынтілді елдерде ханқыздарын Ladybird, Ladybug немесе Lady Beetle деп атайды.Бұл сөздердің барлығының мағынасын біріктіретін сөз ол «Lady».Бұл сөз Дева Марияны білдіреді.Осыған байланысты құдайға сенетін елдерде ханқыздары киелі жәндік болып саналады.Әрине оларды өлтіруге болмайды.Адамдар байқағандай олар зиянкестермен күреседі.Ол өрмекші секілді ауыл шаруашылығына зиянын тигізетін жәндіктермен күреседі.Осы ханқызы кенелерді де өлтіреді.Бір ханқызы өз өмірінде 4000 мыңға жуық кенені жоя алады.

Галерея

өңдеу

Дерек көздер

өңдеу
  • Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН,Жәндіктер,Мәскеу Росмэн 2012.

Сыртқы сілтемелер

өңдеу

Сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
  3. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

"Ақтөбе" облыстық қоғамдық-саяси газет


  NODES
Idea 1
idea 1