Қара бұрыш (лат. Pіpera nіgrum) – бұрыш тұқымдасына жататын көп жылдық шырмауық тәрізді өсімдік.

Биіктігі 12 – 15 м-дей. Гүлі ұсақ, сары түсті, көп жемісті болады. Жемісі сүйекті бір тұқымды. Табиғи күйде Үндістанда және Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде кездеседі. 25 – 30 жыл бойына жылына екі реттен жеміс береді. Қара Бұрыш Үндістанда, Үнді-Қытайда, Индонезияда, тропиктік Африкада, Бразилияда, т.б. ауа райы, ыстық және ылғалды елдерде өсіріледі. Қара Бұрыш жемісінде пиперин, пипериден алкалоидтары, эфир майы және камедь болады. Тамаққа пайдаланатын Қара Бұрыш жемісінің дәмі құрамындағы осы заттарға байланысты. Қара Бұрышты құнарлы топыраққа егеді. Ол көбіне қалемшелеу тәсілмен өсіріледі. Отырғызылған жас өсімдіктер 3 – 5 жылдан кейін жеміс бере бастайды. Жақсы бапталған бір өсімдіктен 0,6 – 1,5 кг өнім алуға болады. Қара Бұрыш Қазақстанда орманды жерлерде ғана өсіріледі. [1]

Қара бұрыш дақылдары
Қара бұрыш түрлері
Ақ және қара бұрыш
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Piper nigrum

Дереккөздер

өңдеу
  NODES