Қаскерлік (Браконьерство) —

  1. аң аулау, балық аулау ережесін және жануарлар әлемін қорғау туралы заңның талаптарын бұзып, жабайы жануарларды аулау немесе жою. Қаскерлікке тыйым салынған уақытта, тыйым салынған жерде немесе тыйым салынған тәсілмен рұқсатсыз аң аулау және балық аулау, аулауға толық тыйым салынған жануарларды аулау және ату, ату және аулау мөлшерін арттыру; жұмыртқаларды, қауырсындарды жинау, індерді, ұяларды, апандарды бұзу және т.б. жатады;
  2. кеңейтілген ұғымыңда қаскерлікке орманды сақтау ережелерін бұзу да, сондай-ақ сирек кездесетін немесе бағалы өсімдіктерді (әсіресе сату үшін) заңсыз жинау да және т.б. жатады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5


  NODES