Қосу — берілген бірнеше санның қосындысы анықталатын арифметикалық амал. a және b сандарын қосу нәтижесінде a мен b сандарының (яғни қосылғыштарының) қосындысы деп аталатын x саны пайда болады. Қосу амалы орындалған өрнек былайша жазылады: — қосылғыш, — қосылғыш, — қосынды. Қосу амалының нәтижесі () — қосынды деп аталады. Қосу амалына барлық сан аймағында (облысында) шектеу жоқ, бір мәнді орындалады.

3 + 2 = 5

Кез келген және сандары үшін сәйкес аймақтарда (облыстарда) қосу амалының заңдылықтары тура:

  • (ауыстырымдылық);
  • (терімділік);
  • ( — қосуға қатысты бейтарап элемент).

Ауыстырымдылық пен терімділік заңдары қосылғыштардың реттілігі қосындыға әсер етпейтіндігін дәлелдейді.

Қосу амалын "" ("плюс") таңбасымен белгілеуді 1489 жылы чех математигі Ян Видман (1460XVI ғ.) ұсынған.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. "Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X
  NODES