Қылша(лат. Ephedra)[1]қылшалар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұтақтар, биік ағаштар.

Қылша

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Ашықтұқымдылар
Тұқымдасы: Қылшалар тұқымдасы
Тегі: Қылша (Ephedra)

Ботаникалық сипаты

өңдеу
 
  • Биіктігі 2 — 7 см-ден 1 — 8 м-ге дейін жетеді.
  • Сабағы бунақты. Бұтақтары қырлы - қырлы, жасыл түсті, онда фотосинтез процесі жүреді.
  • Жапырағы қабыршақ не жіп пішінді.
  • Гүлі қос үйлі, бір үйлісі сирек. Аталық масақшасы шоқтанған гүл серігінен тұрады. Аналығы 1 — 3 бүрлі. Мамырмаусым айларында гүлдеп, шілдетамызда жеміс салады. Тозаң желмен, кейде насекомдармен тұқымбүріне жеткізіледі.
  • Жемісі — сары, қызыл түсті, етті шырынды жидек.

Өсетін жері мен таралуы

өңдеу

Құрғақ климатты жерлерде: Солтүстік жарты шардың басым бөлігінде - Оңтүстік Еуропада, Солтүстік Африкада, Азияның оңтүстік-батысы мен орталығында, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Ресейдің еуропалық бөлігі мен Батыс Сібір жазығының далалы жерлерінде және Оңтүстік жарты шарда, Оңтүстік Америкада таралған. Қазақстанда қылшаның Балқаш-Алакөл ойысында, Қаратау сілемдерінде, Жетісу (Жоңғар), Теріскей, Іле Алатауларында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездесетін 7 түрі бар.

Қолданылуы

өңдеу

Құрамында С дәрумені бар, жеуге жарамды.
Қылшадан дәрілік зат — эфедрин, алкалоидтар алынады, өсімдік бойында илік заттар (пиракатехин, флобафен, т.б.) бар. Қылшаның бір түрі (E. lamatolepіs) эндемик болып саналады. Дәрілік өсімдіктер қатарына масақты қылша (Кузмич шөбіEphedra dіstachye), қырықбуынды қылша (E. equіsetіnc), қызыл тамырлы қылша (Ephedra іntermedіa) түрлері жатады.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
  2. Қазақстан энциклопедиясы
  NODES
os 2