Құс тұмсығы - жоғарғы және төменгі жақ сүйектердің ұзарып өсуінен пайда болған мүше.

Бүркіт тұмсығы

Сыртқы мүйіз қабықпен қапталған. Өмір бойы өсетін мүйіз қабық үнемі мүжіліп тозады және белгілі маусымда түлеп түседі (құр). Құс ұрығы тұмсығының үстіңгі жағында өткір өсінді пайда болады да, балапан жұмыртқаны осы өсінді көмегімен жарып шығады. Құс тұмсығының пішіні, мөлшері құстың тіршілік жағдайына байланысты (жемін ұстауға, жеуге, ін қазуға, ағаш тесуге, кеміруге, ұя салуға, қауырсынын тазартуға т.б.) әр қилы болады. Жыртқыш құстар тұмсығы мықты, шомбал және өткір, ал ағаш қабығы астындағы жәндіктермен қоректенетін құстар тұмсығы ұзын, өткір келеді. [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
  NODES