«Құс қорабы» (ағылш. Bird Box) — 2018 жылғы америкалық постапокалиптикалық хоррор фильм, режиссері Сюзанна Бир. Сценарий Эрик Хайссерермен жазылған.[2] Фильм 2014 жылы Джош Малерманмен жарық көрген бір аттас романға негізделген. Фильм Сандра Буллок ойнаған әйел туралы. Ол әйел өзін және екі баласын тылсым күшті құбыжықтарды көргеннен кейін естері ауысып, өз-өздерін өлтіретін адамдардан қорғауға тырысады.

Құс қорабы
Bird Box
Фильмнің постері
Ресми тұсаукесер постері
Жанры

драма, қорқынышты фильм, фантастика

Режиссёрі

Сюзанна Бир

Продюсері

Крис Морган
Дилан Кларк
Клейтон Таунсенд

Сценарийдің авторы

Кітап:
Джош Малерман
Фильм:
Эрик Хайссерер

Басты рөлдерде

Сандра Буллок
Треванте Роудс
Джон Малкович
Роза Салазар
Даниэль Макдональд

Операторы

Сальваторе Тотино

Композиторы

Трент Резнор
Аттикус Росс

Кинокомпания

Netflix

Дистрибьютор

Netflix

Ұзақтығы

124 минут[1]

Бюджеті

19.8 миллион $

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын

Шыққан жылы

2018

IMDb

ID 2737304

netflix.com/title/80196789

Фильмнің әлемдік тұсаукесері 12 қараша 2018 жылы Америкалық Фильм Институты фестивалінде өтті, ал 14 желтоқсан 2018 жылы фильм АҚШ-та шектеулі прокатқа шықты. Ал 21 желтоқсан 2018 жылдан бастап фильм әлем бойынша Netflix арқылы көрсетілді.

Сюжет

өңдеу

Бес жыл бұрын әлемде хаос басталды: адамдар бір нәрсені көрген соң өз-өздеріне қол жұмсайды. Бұл хаос ең бірінші Румынияда, одан кейін Ресейде, одан кейін Еуропа елдерінде бірінші басталған. Бес жыл бұрын Мэлоридің аяғы ауыр еді, бұл әлемдік хаос Мэлори әпкесімен бірге ауруханаға тексеріске барғанда басталды. Тексерістен шыққан соң, Мэлори бір әйелдің әйнек панельге өз басын ұрып қол жұмсап жатады. Мэлори әпкесі Джессикаға бұл хаос біздің елде де басталғанын айтады, өйткені бұның алдында ол жаңалықтардан Еуропа елдерінде және Ресейде жаппай тәртіпсіздік пен қан төгіс басталғанын естіген. Олар асығыс түрде көлікпен үйге асығады. Бірақ жолда Джессика көзге көрінбейтін құбыжықты көріп өз-өзін ұстай алмай көлік апатын ұйымдастырып өз-өзіне қол жұмсағысы келеді. Мэлори мұны болдырмау мақсатында рөлге жармасады, ақыр соңында көлік аударылады. Жараланған Мэлори өз әпкесінің жүк көлігінің алдына тұрып өз-өзін өлтіргенін көреді.

Мэлори енді жаяу қашады, бір әйел үйге кіруге шақырады, бірақ оның күйеуі оған қарсы болады. Алайда ол әйел көзге көрінбейтін құбыжықтың иелігіне өтіп, қайтыс болған анасымен сөйлесіп, өртеніп тұрған көлікке отырып, тірідей өртеніп кетеді. Мэлориді аяғына тұрғызуға Том және қашып бара жатқан адам көмектеседі. Бұл үйде бір топ адам жиналған. Олар кейін адамдар өз-өздерін көзге көрінбейтін құбыжықты көрген соң өлтіретінін және құбыжықтар экран арқылы да әсер ететінін анықтайды. Бірақ бұл анықтауға Грэгтің өмірімен төлейді.

Бұл үйде жаңа адам — Олимпия пайда болады, оның да аяғы ауыр болады. Үйде азық-түлік азайып жатқан себепті топтың бір бөлігі супермаркетке барады. Мэлори ол супермаркетте үй құстарын табады және оларды өзімен бірге алуды шешеді. Топ супермаркеттің бір есігінде қамалып қалған Чарлидің досына көмектесуге тырысады. Ол есікті ашқанда жаңағы үй құстары абыр-сабырға беріліп, бар даусымен шырылдайды. Чарлидің досы жәй адам емес, құбыжықтардың көмекшісі екені белгілі болды. Чарли басқа адамдарды құтқару үшін өзін құрбан етеді.

Кеін Олимпия танымайтын бөтен адам Гэриді үйге кіргізеді. Кейін Мэлори мен Олимпияда толғақтар басталады. Олимпия қыз туады, ал Мэлори ұл туады. Сол уақытта Гэри құбыжықтардың иелігіне өтіп, терезелерде жапсырулы тұрған бүкіл қағаздарды жұлады. Дугласқа құбыжықтарды көрсету үшін ол гараждың есігін ашады, Томды есінен тандырады, құстарды тоңазытқышқа салады және үстіге көтеріледі. Ол кішкентай сәбилерге қызығып Олимпия, Мэлори, Шэрил және екі сәби тұрған бөлмедегі қағаздарды жұлады. Мэлори көзін жұмып үлгереді, ал Шэрил өз-өзін қайшымен өлтіреді, ал Олимпия терезеден секіріп қайтыс болады. Мэлори Олимпияның қызын құтқарып үлгереді. Мэлори екі сәбимен көрпенің астына жасырынады. Гэри Дугласты қайшымен өлтіреді, ал Гэриді Том мылтықпен өлтіреді.

Бес жылдан кейін Том және Мэлори екі баламен бірге өмір сүреді, екі баланың есімдері — "Ұл" және "Қыз". Олар Риктен оның аман екені, орманда жасырынған баспана тұратыны жайлы хабар алады. Төртеуі сол жерге жетуді көздейді, бірақ жолда бір топ жақсылық тілемейтін адамдарды кезіктіреді. Мэлори балалармен бірге артқы есікпен қашып кетуі үшін Том сыртқа шығып, топты өзіне аударады. Алайда топтың бір мүшесі қашып бара жатқан Мэлори мен балаларды көреді. Том сол кезде көзін ашып, топты атып тастауды шешеді. Бірақ, Томның көзіне де құбыжық көрініп, оның иелігіне өтеді. Бірақ, Том бар күшін жинап, топтың ең соңғы мүшесін, содан кейін өз-өзін атып тастайды.

Мэлори, балалар және қораптың ішінде ұстап келе жатқан құстармен бірге құбыжықтарды кезіктірмеу үшін қайық арқылы өзенмен жүзуді шешеді. Өзеннің бұрылысында қайық аударылады, бірақ Мэлори Ұл мен Қызды табады. Одан кейін үшеуі бөлінеді, Мэлори төбешіктен құлап, есінен танады. Көзге көрінбейтін құбыжықтар Мэлоридің даусымен Ұл мен Қызға көздеріндегі байлауды шешуді сұрайды. Мэлори есін жиып, оларға шешпеуді және мықты болуды өтінеді. Ақыр соңында олар бірігеді.

Соңында олар ормандағы баспанаға жетеді. Бұл баспана бұрын соқырларға арналған мектеп болған. Олар Рикті кездестіреді. Мэлори ол жерден өзінің бес жыл бұрынғы акушері Лэпхемді кезіктіреді. Одан кейін олар құстарды қораптан жібереді, ақыры балаларға "Том" және "Олимпия" деген есімдер беріп, өзін ана деп мойындайды.

Рөлдерде

өңдеу
  • Сандра Буллок — Мэлори
  • Треванте Роудс — Том
  • Джеки Уивер — Шэрил
  • Джон Малкович — Дуглас
  • Сара Полсон — Джессика
  • Роза Салазар — Люси
  • Даниэль Макдональд — Олимпия
  • Лил Релл — Чарли
  • Том Холландер — Гэри
  • Колсон Бейкер — Феликс
  • Брэдли Уонг — Грэг
  • Пруитт Тэйлор Винс — Рик
  • Джулиан Эдуардс — Ұл / Том
  • Вивьен Лира Блэр — Қыз / Олимпия
  • Пармииндер Награ — дәрігер Лапэм
  • Ребекка Пиджон — Лидия
  • Эми Гаменик — Саманта
  • Тейлор Хэндли — Джейсон
  • Хэппи Андерсон — өзендегі адам
  • Дэвид Дастмалчиан — мародер

Өндіріс

өңдеу

Дамуы

өңдеу

"Құс қорабы" фильмін экранға шығару құқығын 2013 жылы Universal Pictures компаниясы сатып алды, ал ол кезде кітаптың өзі шыққан жоқ еді.[3][4] Скотт Стубер мен Крис Морган бұл фильмді Ол және Мама фильмдерінің режиссері Энди Мускеттимен бірге түсіруі керек еді. Сценарий авторы Эрик Хайссерер сценарий жазу үшін келіссөздер жүргізді.[5] 2017 жылдың шілдесінде Стубер Netflix-тің көркем фильмдері бөлімінің басшысы атанғаннан кейін, Netflix-тің кітап құқығын сатып алғаны және Сандра Буллокпен бірге Джон Малкович басты рөлде ойнайтыны жарияланды.[6][7] Сюзанна Бир фильмнің директоры, яғни режиссері болып жарияланды.

Түсірілім

өңдеу

Негізгі түсірілім 2017 жылдың шілдесінде Калифорнияда басталды.[8] Жабайы табиғат көріністері штаттың ең солтүстік бөлігіндегі Смит өзенінде түсірілген.[9] Үйдің сыртқы көрінісі Монровиядан алынған.[10] Түсірілімнің кей бөліктері Санта-Крузда да түсірілген,[11] ал соңғы көрініс Клермонттағы Scripps College-де түсірілді.[12][13][14][15]

Фильмді түсіру кезінде тірі құстарды мүмкіндігінше көбірек қолданды, ал олардың «абыр-сабыр» болу кезінде оларды сандық түрге ауыстырды.[16]

Қабылдау

өңдеу

2019 жылдың қазан айында Netflix-тің жариялаған мәліметтеріне сәйкес, "Құс қорабы", барлық фильмдер мен сериалдардың арасындағы ең көп қаралған фильм атанды. 80 миллион қаралыммен ол, "Өлім құпиясы" фильмін (73 млн қаралым) және "Оғаш дүниелер" сериалын (64 млн қаралым) озып кетті.[17]

Мақтаулар

өңдеу
Марапат Рәсім күні Санат Алушы(лар) және номинант(тар) Нәтиже Дереккөз
Визуалды эффекттер жөніндегі мамандар қоғамы 5 ақпан, 2019
(17-ші марапатты табыстау рәсімі)
Визуалды эффекттерді қолдану шебері
(ағылш. Outstanding Supporting Visual Effects in a Photoreal Feature)
Маркус Таормина, Дэвид Робинсон, Марк Баковски, Софи Доус және Майк Мейнардус Номинация [18]
Америкалық кастингтік қоғамы 30 қаңтар, 2020 Фильм – Театралды емес Релизі
ағылш. Film – Nontheatrical Release
Мэри Вернье, Мишель Уэйд Берд және Джина Джей Номинация [19]

Жалғасы

өңдеу

2020 жылдың шілдесінде сиквелі әзірленіп жатқандығы жарияланды.[20][21]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Bird Box. Тексерілді, 26 қазан 2018.
  2. Eric Heisserer In Talks To Adapt ‘Bird Box’ For Universal.
  3. DETROIT PROUD: Josh Malerman. CBS. Тексерілді, 25 қаңтар 2018.
  4. 'Mama' Director to Helm Adaptation of 'Bird Box' (Exclusive). Hollywood Reporter. Тексерілді, 25 қаңтар 2018.
  5. Eric Heisserer In Talks To Adapt 'Bird Box' For Universal. Deadline. Тексерілді, 25 қаңтар 2018.
  6. Sandra Bullock to Star in Netflix Thriller 'Bird Box'. Variety. Тексерілді, 25 қаңтар 2018.
  7. John Malkovich Joins Sandra Bullock in 'Bird Box'; Eyes Peter Berg's 'Mile 22' (EXCLUSIVE). Variety. Тексерілді, 25 қаңтар 2018.
  8. Susanne Bier Begins Filming Netflix Movie Bird Box. Nordic Drama (October 31, 2017). Тексерілді, 25 қаңтар 2018.
  9. Was 'Bird Box' filmed in Sacramento? Well, no.. Тексерілді, 3 қаңтар 2019.
  10. 'Bird Box' Home Becomes Unexpected Tourist Attraction. Тексерілді, 3 қаңтар 2019.
  11. Blog. Тексерілді, 25 қаңтар 2019.
  12. Books to Film: Josh Malerman's Debut 'Bird Box' Lands on Netflix (December 25, 2018). Тексерілді, 3 қаңтар 2019.
  13. Bird Box Location: The river in California where the Netflix movie was filmed. Тексерілді, 3 қаңтар 2019.
  14. Bobrowsky, Meghan [@BobrowskyMeghan] (December 24, 2018). "Last winter break, Sandra Bullock was at @scrippscollege, shooting a scene for her new movie, Bird Box. This winter break, the movie came out on @netflix!pic.twitter.com/7YR9EiR6b0" (Tweet). Retrieved January 3, 2019 – via Twitter.
  15. You can take off the blindfold and see these Bird Box film locations. Тексерілді, 19 қаңтар 2019.
  16. Ian Failes Inside the BIRD BOX of Effects (February 26, 2019). Тексерілді, 26 ақпан 2019.
  17. Lee, Benjamin. What Netflix's biggest reveal tells us about what works and what doesn't  (ағыл.), The Guardian (22 October 2019). Тексерілді 21 қазанның 2020.
  18. 'Avengers', 'Lost in Spac', 'Ready Player One' Lead Visual Effects Society Nominations (January 15, 2019). Тексерілді, 25 қаңтар 2019.
  19. Lewis, Hillary Artios Awards: 'Succession,' 'Pose,' 'Dead to Me' Among Casting Society TV, Theater Nominees. The Hollywood Reporter (September 24, 2019).
  20. Kleinman, Jake How Bird Box Author Josh Malerman wrote a sequel to Netflix's Biggest Movie Ever. Inverse (July 10, 2020). Тексерілді, 28 қыркүйек 2020.
  21. Bird Box 2 Movie In Development At Netflix Confirms Sequel Novel's Author (en-US) (10 шілде 2020).

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
  NODES
INTERN 1
twitter 2