Үлкен БорсықАрал теңізінің солтүстік-батыс жағасынан Ақтөбе облысының Шалқар қаласына дейінгі аралықты қамтитын құмды алқап.

Үлкен Борсық құмы
Сипаттамасы
Ұзындығы200 км
Ені25,30 км
Ауданы3300 км²
Климаты
Қаңтардағы орт. температура–15°С °C
Шілдедегі орт. температура26°С °C
Жылдық жауын-шашын деңгейі150 мм
Орналасуы
47°29′54″ с. е. 59°34′11″ ш. б. / 47.49833° с. е. 59.56972° ш. б. / 47.49833; 59.56972 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°29′54″ с. е. 59°34′11″ ш. б. / 47.49833° с. е. 59.56972° ш. б. / 47.49833; 59.56972 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
ОрналасуыАқтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде.
Үлкен Борсық (Ақтөбе облысы)
Үлкен Борсық құмы
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value).

Географиялық орны

өңдеу

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде.

Жер бедері

өңдеу

Ұзындығы 200 км-ден астам, ені 25-30 км (теңіз жағалауында 80 км-ге дейін кеңейеді). Ауданы 3300 км2. Мұғалжар тауы мен Шағырай үстіртіне жалғасқан батыс бөлігі ойдым-ойдым шағын көлдер мен сортаңдар тізбегінен тұрады. Құм жағалауларында қыстаулар (Ойық, Итжеміс, Ақши, Шұқыр, т.б.), қоныстар (Қабырғайтау, Сарыбұлақ, т.б.) және құдықтар (Қосшыңырау, Аққұдық, т.б.) жиі кездеседі. Жер бедері төбелі-белесті, өсімдікпен бекіген құмды жазық. Жер асты суы 1 — 25 м тереңдіктен шығады.

Геологиялық қүрылымы

өңдеу

Негізінен палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан, тек солтүстік-батыс бөлігі ғана жас аллювий шөгінділерінен түзілген.

Климаты

өңдеу

Қысы қатаң, жазы ыстық; қаңтардың орташа температурасы –12 — 15 С, шілдеде 25 — 26 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 — 150 мм.

Өсімдігі

өңдеу

Қоңыр топырақта жусан, жүзгін, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
  NODES