Uyghur:ئۈرۈمچى شەھرى
Ürümchi Shehri
Chinese:乌鲁木齐市
Wūlǔmùqí Shì
Kazakh:ۇرىمجى قالاسى
Abbreviation(s): 乌市 (pinyin: Wū Shì)
Ürümqi is highlighted on this map
Origin of name "Beautiful Pasture" in Dzungar Mongol
Administration type Prefecture-level city
Seat of Government Tianshan District
County-level divisions 8
CPC Ürümqi Committee Secretary Yang Gang
Mayor Shokrat Zakir
Area 10,989 km²
Population (2002)
 - Density
2,081,834
174.53/km²
GDP (?)
 - per capita
CNY
CNY
Area code 991
Postal code 830000
Licence plate prefix 新A
ISO 3166-2 CN-65-01
Official website:
http://www.urumqi.gov.cn (Simplified Chinese)

Үрімжі (қаз. ءۇرىمجى, ұйғ. ئۈرۈمچی, Ürümchi, қыт. 乌鲁木齐 пин-йин: Wūlǔmùqí) – Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы‎ның орталығы, оның саяси, экономикалық, мәдениетттік орталықтары.

Географиялық орналасуы

өңдеу

Үрімжі АзияЕуропа құрлығының кіндігіне, Тянь-Шань(Тәңір таулары) орта бөлігінің солтүстік бөктеріне, Жоңғар ойпатының оңтүстігіне орналасқан. Үрімжінің үш жағын тау қоршаған, солтүстігі көсілген тұнбалы сектор пішінді жазық, шамамен теңіз деңгейінен 680–920 м. биік. Үрімжі дүние бойынша теңізден ең алыс жатқан қала. Тарихы 1755 ж. Чиң(清代) үкіметі қазіргі Үрімжінің Жюжяуан деген жеріндегі Миң көне қаласында бекініс-қорған салғызып, әскер тұрғызды, әрі оған «Үрімжі» деп ат қойды.

1763 ж. қала атын “Дихуа” деп өзгерткен. 1884 жылы Шыңжаң өлке болып құрылды да, Үрімжі өлке орталығы болып белгіленді.

Үрімжі мұхиттан ең алыс орналасқан ірі қалаболып саналады.

Жұрттануы

өңдеу

Жалпы халық саны 2 млн асады. Оның ішінде қытай, ұйғыр, дүңген, қазақ, моңғол, қырғыз қатарлы 47 ұлт өкілдері бар. Қытайдағы ұлттар саны ең көп қалалардың бірі. Қала тұрғындарының жалпы саны 1 млн. 643760 адам (2000). Оның ішінде ұйғыр 210546, қытай 1 млн. 199783, қазақ 49904, дүңген 151898, қырғыз 1148, моңғол 6747, қалғандарын басқа халық өкілдері құрайды.

Шаруашылығы

өңдеу

Үрімжі Қытайдың батысқа ашылған маңызды қақпасы әрі сыртпен экономикалық, мәдени ауыс-күйісінің терезесі болып отыр. Осы кезде Үрімжі әуежайы халықаралық және ішкі 61 әуе жолын ашты, ал ел іші-сыртына 17 пар қос бағытты пойыздар қатынайды. Үрімжі Шыңжаң пошта–телеграф коммуникациясының торабы. Еуразия коммуникациялық оптикалық кабельдері, GSM сандық ұялы байланысы бар.

Үрімжі Шыңжаңның өнеркәсіп базасы, онда мұнай мәнерлеу, металлургия, электр қуаты, көмір, тоқыма өнеркәсібі, құрылыс материалдары, механикаларды тірек еткен, химия өнеркәсібі, былғары өңдеу, баспа, азық-түлік, пластик тұтыну бұйымдары, жиһаз жасау сияқтыларға арналған біртұтас өнеркәсіп жүйесі бар. Үрімжі қаласының ауыл шаруашылығы көкөніс, жеміс-жидек, орманшылық, шөп, гүл сияқты сан алуан шаруашылық түрі біріккен қала маңы ауыл шаруашылық арнасына жатады.

Тарих

өңдеу

Орта ғасырларда Үрімші аймағында Юйлунг (Урум) деп аталатын түрік тайпасы өмір сүрген және бұл жерде Ұлнтай (Үрімтай) деген қала болған. Үрімжі атауы Үрімтай сөзінен шыққан деген пікір бар. Кейбір ғалымдар Үрімші моңғол тілінен аударғанда «Көркем жайлау» дегенді білдіреді дейді. XVI ғасырда моңғол ойрат тайпасы шығыстан қоныс аударып, Үрімші аймағына қоныстанды. 1755-57 жылдары Цинь патшалығы (清帝国)Жоңғар хандығын жойып, 1759 жылы бүкіл Шығыс Түркістанды жаулап алып, Тянь-Шань аймағында өз билігін орнатты. 1763 жылы Цинь династиясы Үрімжідегі қазіргі Хуң Шань қаласының (Қызыл тау) маңына бекініс салып, оны “Ди Хуа” деп атады (ашу, ағарту, және еске түсіріңіз). Содан бері қала құрылысы үздіксіз болды. 1758 жылы Цинь үкіметінің Абылай хан келісімімен Үрімжіде қазақтар үшін арнайы базар ашылды. Сол жылы Қабанбай батыр бастаған қазақстандық сауда делегациясы сауда жасау үшін Үрімші базарына жылқыларды айдап барды. Содан кейін Үрімші біртіндеп Қытайдың батысындағы басты сауда қаласына айналды. Батыс Қытайдағы мұсылмандар көтерілісі жеңіліске ұшырағаннан кейін 1884 ж. Ди Хуа - Шыңжаң провинциясының орталығы. ретінде белгіленген. Үрімжі тұрғындары көбейіп, қала құрылысы артты. 1945 жылы Гоминдан үкіметі Үрімшіге ресми қала мәртебесін берді. Қала 5 округтен және бірнеше ауылдық әкімшіліктерден тұрды. 1949 жылы қыркүйекте Үрімжідегі Гоминдан үкіметі Қытай Коммунистік партиясына бейбіт жолмен бағынды. 1955 жылы Үрімшіде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы құрылды. Үрімжі қаласының қала құрылысы мен мәдениеті 1980 жылдардан бастап қарқынды дамып келеді. Қалада ауыр және түсті металлургия, тракторлар, автомобиль жөндеу, химия, цемент, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, су және электр станциялары, университеттер, педагогикалық, мұнай, а. ш. Институттар бар. Көмір Атырауда өндіріледі. Бүгінгі таңда Үрімші Қытайдың батыс бөлігіндегі маңызды халықаралық сауда-экономикалық орта болып табылады. Үрімші сонымен қатар Қытайдағы қазақтардың мәдени орталығы. Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясы мен Шыңжаң университетінде қазақтың тарихы мен мәдениетін зерттейтін ғалымдар бар.

БАҚ - Қытайда қазақ тілінде шығатын саяси, әдеби және ғыл. басылымдар “Шыңжаң газеті”, “Ұлттар ынтымағы”, “Шұғыла”, “Шет ел әдебиеті”, “Мұра”, “Шыңжаң қоғамдық ғылымы”, “Тіл және аударма” сияқты мерзімді басылымдар және “Шыңжаң халық баспасы”, “Шыңжаң оқу-ағарту баспасы”, “Шыңжаң жастар-өрендер баспасы”, “Шыңжаң ғылыми-техника баспасының” қазақ редакциясы бөлімдері шығаратын әртүрлі кітаптар жарық көреді. Шыңжаң халық радиосының қазақ бөлімі, Шыңжаң телеарнасы қазақ тілінде үш арнамен күн сайын хабар таратады.

Сілтемелер

өңдеу

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

  NODES
admin 1