Ұлттық Алаң (ағылш. National Mall) — Вашингтонның тарихи орталығында орналасқан мұражайлар, ескерткіштер жиналған ландшафтты парк.

Ұлттық Алаң
ағылш. National Mall
2017 жылы
2017 жылы
Жалпы мағлұмат
Құрылған уақыты1791
СәулетшісіПьер Шарль Ланфан
Келушілер саны24 миллион[1]
СайтыҰлттық Алаң және Мемориалды саябақтар
nationalmall.org
Орналасуы
38°53′23″ с. е. 77°01′23″ б. б. / 38.8895965° с. е. 77.0230007° б. б. / 38.8895965; -77.0230007 (G) (O) (Я)Координаттар: 38°53′23″ с. е. 77°01′23″ б. б. / 38.8895965° с. е. 77.0230007° б. б. / 38.8895965; -77.0230007 (G) (O) (Я) (T)
Ел АҚШ
ҚалаВашингтон
Ұлттық Алаң (Америка Құрама Штаттары)
Ұлттық Алаң
Ұлттық Алаң Ортаққорда
Ұлттық Алаң түнде, 2009 жыл.

Ұлттық Алаң Смитсон институның бірқатар мұражайларын, көркем галереяларын, мәдени мекемелерді, түрлі ескерткіштер мен мүсіндерді қамтиді, әрі шектеседі. Жыл сайын бұл алаңға (саябаққа) 24 миллион адам келеді.

Тарихы

өңдеу
 
Ұлттық Алаңның жобасы.

Пьер Шарль Ланфан XVIII ғасырда бұл Ұлттық Алаңның жобасын жасап шығарды. Бірақ, бұл жоба тек XX ғасырдың басында жүзеге асырылды.

Пьер Шарль Ланфан 1791 жылы болашақ саябақтың өзі жасаған жобасын таныстырды. Бұл жобада саябақ (алаң) ағаштармен, бау-бақшалармен қоршалған, ұзындығы 1 миль, ені 400 фут, Капитолий және Вашингтон Монументінің арасында, Ақ Үйден оңтүстікке дейін орналасады деп көрсетілген.[2][3][4][5] Соңында бұл жоба іске асып Ұлттық Алаңның құрылысы жүрді. 1802 жылы Мэтью Перри жасаған картада алғаш рет бұл саябақ «алаң» деп аталды.[6]

1850-ші жылдары сәулетші Эндрю Джексон Даунинг бұл алаңға өз ландшафтық жоспарын жасады.

 
Смитсон институты.

1901 жылы «Әдемі қала үшін» деген қоғамдық көтерілісінің нәтижесінде, дүниеге Макмиллан жоспары келді. Макмилланның жоспары Ленфанның жоспарына қарама-қайшы келді. Өйткені, Макмилланның жоспары бойынша бұл алаңнан барлық бау-бақшаларды, кәсіп орындарды, жылыжайларды және ағаштарды алып тастау керек.[7] Макмилланның жоспарында алаңға 300 фут болатын шөп шалғынын орналастыру және 4 қатар шегіршіндерді отырғызу болғандықтан, оның жоспары Ленфанның жоспарынан ерекшеленді. Мәдениет мекемелері әдемі күйінде осы шегіршіндердің артында тұруы керек.[8][9][10][11]

15 қазан 1966 жылы Ұлттық Алаң алғаш рет «АҚШ-тың тарихи орындарының ұлттық тізіміне» енгізілді.[12] 1981 жылы алаң тарихи маңызы бар ретінде танылды. Ал 2003 жылы АҚШ Конгресі 108-ші отырысында алаң мемлекетпен қорғалатыны шешілді.[13]

Алаңның мақсаты

өңдеу

АҚШ-тың ұлттық саябақтар қызметі, алаңның негізгі мақсаттарын жеткізді:

  • Ленфан және Макмиллан жоспарлағандай, мұражайларға, тарихи және мәдени мекемелерге қорғалған, құрметті орын сыйлау.
  • Алаңның демалыс, тарихи орын ретінде, ұл символдары мен шығармашылық толған орын ретінде қамтамасыз етуі.
  • Мемориалдарды, ескерткіштерді, мүсіндерді, монументтерді, бақшаларды жақсы қалыпта ұстау.
  • Алаңның астананың жүрегінде, қандай да бір себептермен, мерейтойлармен, жиналыстармен, іс шаралармен жиналатын орын болуы.
  • Алаңды коммерциялық істерден аулақ ұстау, қайырымдылыққа қарай бағыттау.

Шолу

өңдеу
 
Саябақтың құрылысы.

Жыл сайын жазда АҚШ тәуелсіздік күніне орай Ұлттық Алаңда, ашық аспан астында «Смитсон Фольклор Фестивалі» өтеді. Бұл мерейтой тәуелсіздік күніне дейін бір апта бұрын басталып, тәуелсіздік күнінен бір аптадан кейін аяқталады.

Ұлттық Алаң аумақтарға бөлінеді, ал әр аумақта негізгі ескерткіштері тұр. Құс биіктігінен қарағанда бұл алаң кресттің пішінінде. Бұл кресттің ортасында Вашингтон Монументі орналасқан, солтүстігінде — Ақ Үй, шығысында — Капитолий, оңтүстігінде — Джефферсон мемориалы, батысында — Линкольн мемориалы орын тапқан. Бұлардың арасында саябақтар, мұражайлар, АҚШ ботаникалық бағы орналасқан.

Галерея

өңдеу
 
Ұлттық Алаң, 2004 жыл.
 
Ұлттық Алаң, 2009 жыл.
 
Ұлттық Алаң ұшақтан көрінісі, 2010 жыл.
 
Смитсон институты
 
Ұлттық Алаң
 
Ұлттық Алаң 2005 жылы, Потомак өзені
 
Желтоқсан, 2014 жыл.
 
Саябақ
 
Капитолий

Дереккөздер

өңдеу
  1. National Mall Frequently Asked Questions. National Park Service (28 қазан 2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 7 мамыр 2010. Тексерілді, 18 сәуір 2010.
  2. Pfanz, Donald C. National Register of Historic Places Inventory Nomination: National Mall. National Park Service (11 ақпан 1981). Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 шілде 2013. Тексерілді, 17 наурыз 2010.
  3. Map 1: The L'Enfant Plan for Washington. National Park Service. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 шілде 2013. Тексерілді, 27 қазан 2009.
  4. Sherald James L Elms for the Monumental Core: History and Management Plan — Center for Urban Ecology, National Capital Region, National Park Service. — P. 2–5. — ISBN Natural Resource Report NPS/NCR/NRR--2009/001.
  5. "Plan of the city intended for the permanent seat of the government of t(he) United States ...."
  6. Hanlon, Mary The Mall: The Grand Avenue, The Government, and The People. University of Virginia. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 шілде 2013. Тексерілді, 5 мамыр 2010.
  7. Moore, Charles (ed) (1902), "The Mall", The Improvement Of The Park System Of The District of Columbia: Report by the United States Congress: Senate Committee on the District of Columbia and District of Columbia Park Commission, Washington, D.C.: Government Printing Office, pp. 43–46, Fifty-Seventh Congress, First Session, Senate Report No. 166, http://books.google.com/books?id=Ob7PAAAAMAAJ&printsec=frontcover&dq=#v=onepage&q&f=false . План Макміллана.
  8. The Mall. McMillan Plan. Wikimedia Commons. Тексерілді, 22 қараша 2010.
  9. The L'Enfant and McMillan Plans. National Park Service. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 шілде 2013. Тексерілді, 22 қазан 2010.
  10. Washington, D.C.: A National Register of Historic Places Travel Itinerary. National Park Service. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 шілде 2013. Тексерілді, 27 қазан 2009.
  11. A HISTORY OF THE NATIONAL MALL AND PENNSYLVANIA AVENUE NATIONAL HISTORIC PARK. National Park Service. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 шілде 2013. Тексерілді, 5 қараша 2009.
  12. DISTRICT OF COLUMBIA INVENTORY OF HISTORIC SITES: ALPHABETICAL VERSION. Historic Preservation Office, Office of Planning, Government of the District of Columbia (2009). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 қараша 2009. Тексерілді, 17 наурыз 2010.
  13. Commemorative Works Clarification and Revision Act of 2003, in Public Law 108-126, November 17, 2003, Title II (117 Stat. 1349 - 117 Stat. 1353). Retrieved 2010-02-04.

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
  NODES