Әжім- организмнің сола бастауының сөзсіз болатын белгісі.

15 минут суда ұстаған саусақтағы әжім
Кәрілік әжімі

Сипаттама

өңдеу

Қартаю процесінде теріде бірқатар өзгерістер болады. Қан және лимфа айналысының бұзылуы салдарынан бұл өзгерістер бәрінен де бұрын беттің , мойынның, қол саусақтарының терісінде пайда болады. Дененің ашық бөлігінің терісі сыртқы ортаның оған тигізетін қолайсыз әсерінің салдарынан (күн көзі, салқын жел мен құрғақ ауа) дененің жабық жүретін бөлігінің терісіне қарағанда анағұрлым тез тозады. Алайда әжім тек қартаюдың ғана бөлігі емес.

Себептер

өңдеу

Әжімнің ерте түсуіне үнемі маңдайын тыржиту, қабақты жоғары керу, немесе түю , көзін сығырайту, еріндерін тістеу , езуін жиіру, басты тұқыртып жүру себеп болады. Әжімнің түсуіне сыртқы және ішкі ортаның қолайсыз факторларының әсері , сондай-ақ организмнің әр түрлі ұзақ созылмалы аурулары да әсер етеді. Әжім бет және мойын терісін күту ережелерін сақтамаудан бетті ағартатын майларды, спирт ерітінділерін жиі қолданудан , опа-дәрі майларынан және басқалардан бетті дер кезінде тазартпаудан түседі.

Тағы қараңыз

өңдеу
  1. Тері
  2. Қартаю

Дереккөздер

өңдеу
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1989
  NODES