Әмір
Әмір сөзінің бірнеше мағынасы бар:
- Әмір (атақ) - шығыс елдеріндегі әскербасылық атақ. Араб тілінен енген бүл әскери дәреже түркі тіліндегі «бек» дәрежесімен сәйкес.[1]
- Әмір Темір - тарихи тұлға
- Әмір, қолбасшы
- әмір-Әль-бахр - теңiз әмірiшici (адмирал)
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Әмір- шығыс елдеріндегі әскербасылық атақ. Араб тілінен енген бұл әскери дәреже түркі тіліндегі "бек" дәрежесімен сәйкес. Мыңдық, он мыңдық (түмен) әскерді басқаратын қолбасылар Әмір атағына ие болған. Әмір атағына ие болған адамға әскери ту, дәреже белгісі- байрақ, соғыс кезінде әскерді басқаруға қолданатын дабыл, шындауыл тапсырылған. Сонымен қатар Әмірлердің иелігіне, әкімшілік басқаруына елді мекендер, ұлыстар, уәлаяттар беріліп, олар сол әкімшіліктен түсетін кірістің не салықтың белгілі бір бөлігін алу құқына ие болған. Бұл иелік Әмірге белгілі бір мерзімге, не мұрагерлікке берілуі мүмкін. Сондықтан Әмірлер әскербасылықты және елбасылықты бірдей ұстаған.
Қ.Ахметжан