Әуе көлігі — әуемен жолаушылар, пошта және жүк таситын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен артықшылығы — жылдамдығында.

ұшақ

Әуекөлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүз. соғыстан кейін пайда болды. Франция мен Германияда көліктің бір түрі ретінде 1920 жылдан кейін дами бастады. Ресейде алғашқы әуежолы (Мәскеу—Төм. Новгород) 1923 жылы ашылды.

Қазақстандағы әуе көлігі

өңдеу

Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 жылы 9 қаңтарда ұшып келді. Ұшқыштар — Н. С. Горбунов пен В. Р. Браунц басқарған “Фарман-30” ұшағы Мартөк (Ақтөбе қаласыныңмаңында) — Новосергеевка бағытымен 1 сағ. 20 минутта 350 км қашықтықты ұшып өтті. Қазақстанда 1923 жылы “Добролет” қоғамы құрылып, ол әуепошта мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды. 1924 жылы “Ю-13” ұшағымен ТашкентАлматы, АлматыТашкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді. 1925 жылы Бішкек — Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды. 1929 жылы ҚызылордаМәскеу әуежолы ашылды. 1930 жылы Әуекөлігін пайдалану мен дамытуға жағдай жасау мақсатында Қазақ азаматтық авиация басқармасы (ҚААБ) ұйымдастырылды. Сол жылы ҚААБ-тан 27 жігіт Мәскеу ұшқыштар мектебіне оқуға жіберілді. Бұлардың арасында алғашқы Қазақ ұшқыштарының бірі — салық Ахметов те болған.

Қазақстан КСРО құрамында болған жылдары еліміздің әуежолдарында Ил-12, Ил-14, Ил-18, Ил-62, Ил-86, Ан-2, Ан-24, Як-40, Як—42, Ту-134, Ту-154 және Ил-76, Ту-144 ұшақтары пайдаланылды. Алматыдан Қазақстанның барлық облыс орталықтарына, басқа да қалаларға тұрақты әуежолы қатынасы орнатылды. Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланып, нарықтық экономикаға көшуіне байланысты Ә. к. саласында да түбірлі өзгерістер орын алып, бірнеше әуекомпаниялары құрылды. 1998 жылы қаңтарда 51 әуекомпаниясы тіркеліп, олардың ішінде “Эйр Қазақстан” және 12 аймақтық әуекомпаниясы мемлекеттік меншік нысанын сақтады. Қазақстан әуекомпаниялары ішкі және халықар. жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, орман ш., энергетика, газ және мұнай өнеркәсібі салаларының тапсырмаларын орындайды. Әуетасымал әсіресе, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Германия елдерімен арада жақсы жолға қойылған. “Эйр Қазақстан” әуекомпаниясының ұшақтары 37 әуежолы бағыттарында ұшады. Қазақстандағы ішкі және халықар. әуежолдарының жалпы ұзындығы 76320 км шамасында (1999).

Қазіргі кезде 21 Республикасы әуежай, 10 облысы және облыс ішіндегі әуежайлар жұмыс істейді (1998). Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал және Шымкент әуежайлары еліміздегі ең үлкен әуеайлақтары болып саналады. Қазақстан әуежолдарында Ту-134, Ту-154, Як-40, Ил-86, Боинг-737, Аэробус — А-310 шапшаң ұшақтары пайдаланылады.

1996 жылы әуежолы басқармасы автоматтандырылған жүйесінің Алматы орт., ал 1998 жылы Ақтөбе орталық іске қосылды. Әуежолы басқармасы ғылыми-техникалық даму бағытының бір саласы ретінде әуе кеңістігінің өткізу мүмкіндігін арттыруды, диспетчерлік қызметтің өндірістік процесін автоматтандыруды қолға алған.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том


  NODES
os 1