Өгізшағала (лат. Larus cachinnans) – шағала тұқымдасына жататын құс.

Өгізшағала
Ересек өгізшағала
Ересек өгізшағала
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Татреңтәрізділер
Тұқымдасы: Laridae
Тегі: Шағалалар
Түрі: L. cachinnans
Екі-есімді атауы
Larus cachinnans
Pallas, 1811, Каспий теңізі

Сипаттамасы

өңдеу

Ересек өгіз шағаланың басы, мойны, құйрығы, және бауыры ақшыл, ал арқа жоны мен қанат қауырсындары күңгірт сұр болып келеді. Тұмсығы сары, ұшы қызыл сарғыш келеді. Қара түсті қанатының ұшы ақ теңбілді, аяғы – қызғылт. Қыста төбесінде қошқыл секпілдер болады. Дене тұрқы 60 см-дей, қанатын жазғандағы алымы – 1,3 м, салм. 700 – 1800 г., қанаты 400-485 мм, табан сүйектері 55-88 мм, тұмсығы 47-65 мм. Өгізшағала Қазақстан жеріндегі шағалалардың ең ірісі.

Мекені

өңдеу

Тұзды және ірі тұщы су қоймаларын мекендейді. Өгізшағала – солт-те жыл құсы, оңт-те отырықшы құс. Қазақстанға ерте көктемде (наурыздың басы) ұшып келіп, БалқашАлакөл ойысында, Шалқартеңіз, Зайсан көлінің маңында жеке жұптасып, кейде шоғыр түзіп, ұя салады.

Тұрмыс қалпы

өңдеу

Негізгі қоректері шаян тәрізділер мен моллюскалар, сондай-ақ балықтармен, кеміргіштермен, жұмыртқалармен және құстардығ шақа балапандарымен де қоректенеді. Ұясын қамыс пен шөптен салады, кейде табиғылығын сақтау үшін қарапайымдау етіп, кейде айқындап салады . Төсеніш ретінде құрғақ шөп шалаң мен қауырсындарды пайдаланады. Ұяларының көлемі 9 дан 30 см дейін жетеді, диаметірі 20-40 см , кейде одан да үлкен болады. Ұясына 3 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларының түсі ашық-жасыл немесе қоңыр қылаң түстес болады, қою сұр теңбілдері бар . Жұмыртқаларының көлемі 69 х 49 мм. Өгіз шағала - мамыр-маусым айларында топтасып келіп ұя сала бастайды. Бірінші жұмыртқасынан бастап басып оны 26 тәуліктей шайқайды. Қатпайтын теңіздердің жағасын қыстап шығады.

Балапандары бір жарым айда қанаттанып ұшады, суда жақсы жүзеді. Өгізшағала – шағалалардың ішіндегі жыртқышы. Қорек талғамайды, ұсақ кемірушілерді, балықтарды, жәндіктерді жейді. Қыс түсе бастағанда жылы жаққа ұшып кетеді. Отырықшы түрлері Каспий және Арал т-дерін қыстайды.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7том


  NODES