Өнер тарихы - өнердің пайда болуынан бастап қазіргі заманға дейнгі даму үрдісін зерттейтін өнертану ғылымының бір бөлімшесі.

Джорджо Вазари, автопортрет

Өнер тарихы саласындағы алғашқы еңбегі - Джорджо Вазаридің 1550 жылы Қайта өркендеу дәуірінде жазылған «Атақты суретшілердің, мүсіншілердің және сәулетшілердің өмірбаяндары» атты кітабы.  Одан кейін Карел ван Мандердің «Суретшілер жәйлі кітап» және Иоахим Зандрарттың «Неміс академия» атты кітабы жарық көрді.

Ағарту дәуірінде Иоганн Иоахим Винкельман өнерпаздардың тек қана өмірбаянын зерделемей, өнер дамуының әр кезендегі жалпы үрдістерін жинақтап, талдай бастады.


  NODES