Acura

автомобиль жасаушы, Honda Motor компаниясының бөлімшесі

Акура (Acura) — спорттық және өкілетті типтегі автокөліктерді шығаруға мамандандырылған Honda концернінің солтүстікамерикалық бөлімшесі.

Acura
Құрылды

1986

Орналасуы

Үлгі:Байрақ/USA Торранс, Калифорния

Басты адамдары

Джон Икеда (директорлар кеңесінің төрағасы)

Саласы

Машина өнеркәсібі

Өнімі

Автомобильдер, қозғалтқыштар

Басшы компания

Honda

Сайты

acura.com

Жинау зауыты American Honda Motor Co. 1986 жылдың 27 наурызда Калифорнияда ашылған болатын. Акура атауы 1989 жылы пайда болып, АҚШ-та сатылатын Honda-ның аса престижді модельдеріне жатқызылады. Акура маркасы автокөліктерінің тактикалық-техникалық сипаттамалары әдетте, Honda фирмасы модельдерінің арақатынасты параметрлерінен аса ерекшеленбейді. Бұған қарамастан модельдерінің атауы ұқсас болып та келеді. Модельдерінің көпшілігі тікелей Солтүстік Америкада өндіріліп (TL мен CL сериялары), ал бөлек модельдер — RL мен NSX аса аз сұраныс себебінен Жапониядан әкелінеді. Акураның тек қана америкалық модельдерінің шығарылуы 1999 жылы 101,3 мың данаға жетті.

1987 жылғы Acura Legend.

Акура маркасы модельдерінің барабар Honda автокөліктерінен негізгі ерекшелігі — спорттық кейіпі мен сериялық жабдықталуының әлдеқайда жоғарғы деңгейде болуы. Осыдан басқа, Акура Honda-ның америкалықтарға ұсынбайтын АҚШ-та аса престижді модельдер TL мен RL-ға өкілеттік етеді.

Бірінші буынды Acura MDX

Дереккөздер

өңдеу
  NODES