Boeing 777 — америкалық Boeing Commercial Airplanes компаниясы жобалап шығарған ұзақ қашықтықты кең фюзеляжды екі реактивті қозғалтқышты ұшақтардың жанұясы. Әлемдегі ең үлкен екі қозғалтқышты реактивті ұшақ болып табылатын Боинг 777 нұсқаларына байланысты 314-тен 451-ге дейінгі жолаушыны 9635-тен 17370 км-ге дейінгі қашықтықта тасымалдай алады. "Үш жетілік" (ағыл. Triple seven) аталып кеткен [2] ұшақтың келесідей ерекшеліктері бар: әлемдегі диаметрі ең үлкен турбореактивті ұшақ қозғалтқышы, негізгі шасси тіректерінде алты дөңгелек, дөңгеленген фюзеляждың кросс-секциялары және өткірленген құйрық бөлігі.[3] Сегіз ірі әуе компаниямен ақылдаса отырып жобаланған Боинг 777 ескірген кең фюзеляжды ұшақтарды алмастыру мақсатымен жасалды және Боинг компаниясының өндірістік желісінде 767 және 747 ұшақтарының ортасында орналасты. 777 ұшағы Боинг компаниясының электронды қашықтықтан басқару жүйесімен (ағыл. fly-by-wire) жабдықталған алғашқы коммерциялық ұшағы болды; ұшақтың басқаруы компьютер арқылы орталықтандырылған; сонымен қатар ол компьютер көмегімен жобаланып шығарылған әлемдегі алғашқы коммерциялық ұшақ.

Boeing 777
Turkmenistan Airlines әуе компаниясының Боинг 777 ұшағы
Turkmenistan Airlines әуе компаниясының Боинг 777 ұшағы
Түрі

кеңфюзеляжды алысмагистральді реактивті жолаушы ұшағы жолаушы ұшағы

Жобалаушысы

Boeing Commercial Airplanes

Өндірушісі

Boeing Commercial Airplanes

Мемлекеті

 АҚШ

Алғашқы ұшуы

1994 жыл 12 маусым

Қолданысқа енгізілуі

1995 жылы 7 маусымда, United Airlines әуе компаниясы

Статусы

қолданыста

Негізгі эксплуатанттары

Emirates

Басқа эксплуатанттары

United Airlines
Air France
Singapore Airlines

Өндіріс жылдары

1993—қазірге дейін

Өндірілген бірліктері

1212 (2014 жыл маусым)

Бірлігінің құны

777-200ER: $261.5 миллион[1]
777-200LR: $296.0 миллион[1]
777-300ER: $320.2 миллион[1]
777F: $300.5 миллион[1]

Нұсқалары

Boeing 777X

Boeing 777 Ортаққорда

Дереккөздер

өңдеу
  1. a b c d Commercial Airplanes Jet Prices. Boeing. The Boeing Company. Тексерілді, 18 қараша 2013.
  2. Robertson, David. Workhorse Jet Has Been Huge Success with Airlines that Want to Cut Costs, The Times, London, England, United Kingdom: Times Newspapers (наурыз 13, 2009). Тексерілді наурыз 20, 2009.
  3. Norris, Guy; Wagner, Mark (1996). Boeing 777. St. Paul, Minnesota: Motorbooks, page 89
  NODES
os 2